№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қожанасырдың аң аулауы

Қожанасырдың аң аулауы


Көктемнің жаймашуақ күндерінің бірінде Қожекең аң аулауға шығады. Көп ұзамай, қоянның қос көжегін тауып алады да, «осыдан артық олжа болмас» деп қойнына тығып, үйіне қайтады. Сымнан кішкене тор жәшік жасайды да, қос көжекті соған салып, асырай бастайды.
Базар күні жан-жақтан ең ірі саудагерлердің жиналатынын білетін Қожанасыр «ақмақ саудагерлерді сазға отырғызбақ» оймен көжектің біреуін қойнына тығып алып, әйеліне:
— Мен бүгін түсте бірталай қонақ ертіп келемін, барыңды әзірлеп қоярсың, — деп есегіне мініп, базарға тартып отырады.
Ығы-жығы базаршылар арасынан әрең өтіп, шайханаға келсе, он шақты саудагер отыр екен. Амандықтан соң Қожа:
— Рұқсат етіңіздер, сіздерге бір өтінішім бар еді, — дейді. — Сырттай жүз таныс болғанмен, үйден дәм таттыруға ыңғайы келмей жүр еді. Бүгін түскі асты біздікінен ішсеңіздер, — көк есегінен басқа ештеңесі жоқ Қожекеңді сынамақшы болған саудагерлер құп алады.
— Рақмет сіздерге.
Қожанасыр қойнындағы көк көжегін суырып алып:
— Балам, тез шешеңе бар да, қазір әкеммен бірге базардағы бар игі жақсылар келмекші, қамсыз қалмасын де, — деп көжекті қоя береді. Көжек жүгірген бойы қалың тоғайға кіріп жоқ болады.
Айтылған мезгілде Қожанасыр бар қонағын ертіп үйіне келсе, тамақ әзір, үй-іші мұнтаздай таза, ал көжек өз орнында жатыр екен.
Тамақ ішіліп, енді қайтуға ыңғайланған кезде, саудагердің бірі Қожанасырдан:
— Мына көжегіңді маған сыйға тарт, — деп жатып жабысады.
— Ойбай, атай көрмеңіз, бұдан айрылсам, маған қол ұшын беретін тірі пенде жоқ.
Қадалған жерінен қан алмай қоймайтын әккі саудагер өлердегі сөзін айтады.
Қожанасыр қонағының көңілін қимай, көжекті береді. Қожаның қолына бір уыс ақшаны ұстата салып, саудагер көжекті алып жөніне кетеді.
Басқа қалалардан келіп жатқан саудагерлерге мақтанбақ болған әлгі саудагер базардағы бар мықты саудагерлерді үйіне қонаққа шақырады да, қойнындағы көжегіне тапсырма беріп үйіне жібереді. Саудагерден босанған көжек тура тоғайға тартады. Қонақтарын ертіп, саудагер үйіне келсе, есігінде қалпақтай қара құлып тұр.
Алданғанын білген саудагер Қожанасырға келіп:
— Оңбаған, ақшамды бер, ұятқа қалдырдың, — деп алай-дүлей ашуланады.
Қожекең:
— Тақсыр, сабыр етіңіз! Сіз көжекті үйіңізге жіберерде, адресіңізді айтып па едіңіз? — деп сұрайды.
— Жоқ.
— Онда кінәлі мен емес, мына өзіңіз. Көжек сіздің үйді іздеп көше кезіп жүрген шығар.
Ызаға булыққан саудагер көжегін іздеп күні бойы көше кезіпті...

11 ақпан 2020 ж. 672 0