№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Патшасы бар үй...

Патшасы бар үй...


Баяғыда елге әйгілі бір хан ұрпағы жандайшаптарын ертіп ел аралап жүрген екен. Төлеңгіттері төренің кімнің үйіне түсіп, кімнің үйіне түспейтінін өзінен сұрап отырады екен. Үнемі қасында жүріп, қанша сыралғы болсада төренің қандай үйге түсетінін алдын ала бір біле алмаған төлеңгіттері тағы бір жолы: «Алдияр, қай ауылға, кімнің үйіне түстенесіз?» деп сұраған екен. Төренің бар айтқаны: «Патшасы жоқ үйге түсіріңдер» депті. Сөз мәнісіне бойлай алмаған шабармандар: «Алдияр-ау, бұл өңірде сізден өткен төре тұқымы бар ма еді? Әрине, патшасыз үйге түсіреміз» депті. Сонымен төлеңгіттер алдын-ала шапқын жіберіп, бір үйді дайындатады. Төре түстенеді дегенде жан қалсын ба, барлығы даяр болады. Төре де уақытында келіп, өзіне көрсетілген қызметке ырза болып, асты-үстіне түскен үй иесіне алғысын айтады. Дегенмен төренің сыбағасы деп сойылған тайдың еті «төре табақ» болып алдыға енді келген кезде... Манадан оң жақтағы шымылдық артында ұйықтап жатқан үш жасар сәби жылай бастайды. Үйдегі қонақтардың шырқын алды-ау деп ыңғайсызданған үй иесі келіншегіне баланы тезірек жұбатуды тапсырады. Бала да тез арада уана қоймай, шешесі баласына ұрсуға айналғанда, бағанадан бері бала мен ананың әрекетіне көз қиығымен қарап отырған төре: «Тимеңіз балаға, ол патшағой. Киімін шешіп, киіндіретін, тамағын беріп ұйықтатын, көңілін алдап ойнататын қызметшілері бар...» деген екен. Бұған дейін төрелерінің неге «патшасыз үйге түсіріңдер» дегенін енді ұққан төлеңгіттер көзімен жер шұқыған екен.
«Балаң бес жасқа толғанша патшаңдай сыйла, онбес жасқа толғанша құлыңдай жұмса, онбес жастан асқан соң досыңдай сырлас» дейтін нақыл сөз осыдан қалса керек. Ұрпағын ардақтаған ұлттың ел болашағына деген сенімі қандай берік еді десеңізші!

Материал Төлеуғали Есетұлының парақшасынан.
28 қаңтар 2020 ж. 843 0

Ұқсас жаңалықтар: