№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сынық құмыра


Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып, бұлақтан үйіне су тасиды екен. Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен. Үйге жеткенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен. Ал екінші құмыра бүтін кемшіліксіз болыпты.
Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады екен. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін қатты тәкаппарланытын көрінеді, ал жарық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен.
Екі жыл өткен соң бір күн тесік құмыра, қарияға былай депті:
- Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қария күлімсіреп құмыраға былай депті:
- Сен ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен о бастан сенің бүйіріңдегі жарықты біліп, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол тесігің болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре алмас едім…
Иә, бұл мысалдан дені сау адамның кемтер жанға күлмеуі және кемтар жанның мен мүгедекпін деп салы суға кетпей, Аллаға тәуекел етіп тірлік қылса, Жаратқанның жарылқауына ие болатыны айқын көрінеді.

Хикметтер қазынасы кітабынан
09 желтоқсан 2019 ж. 1 615 0