№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Досың жылан болмасын

Досың жылан болмасын

Кедейліктен сіңірі шыққан бір отыншы болыпты. Нәпақасын орманнан отын шауып әкеліп, сатумен табады екен. Күндердің күнінде, үйренген кәсібімен айналысып жүріп бір жыланға кезігіпті. Жыланның айбат шеккенінен шошып кетіп, қолындағы балтамен жыланның басын шабайын дейді де, соңғы сәтте "бұл да тірі жан ғой, өлтірмейін" деп райынан қайтыпты.
Сол кезде жыланға белгісіз бір құдіретпен тіл бітіп "Уа, адам баласы, сен, мені аяп өлтірген жоқсың, соның қайтарымына күнде бір алтын беріп тұрайын, дос болайық" дейді екен.
Сөйтіп жылан ініне кіріп кетеді де, шамалы уақыттан соң аузына бір алтын ұстап қайта шығады екен.
Алтынды алған отыншы үйіне қуанып қайтады, бірақ әйел-балаларына бұл сырды айтпауды жөн санайды екен.
Арада бірнеше жыл өтеді, отыншы күнде орманға барып, досы болған жыланнан бір алтын алып жүре береді екен. Жағдайы да жақсарып, бала-шағасы мен көршілері "отын сатумен байып келеді" деп ойлап жүреді екен.

Бір күні, отыншы ұйқыдан оянса, аяқ-қолы ісініп, жүруге шамасы келмей қалады.
Осылай бірнеше күн науқастанып жатып қалады. Күнделікті әкелетін алтыны үйге келмегендіктен, бала-шағасы аш бола бастайды. Үйде ішерге ас қалмағасын, үлкен ұлын шақырып, жыланмен достығының бар екенін айтады. Бірнеше жыл жасырған сырды ашып айтса да, ұлы, әкесінің айтқанына сенбейді, сонда да барып көрейін, мүмкін рас шығар дейді де, әкесінің балтасын көтеріп, орманға барады.

Орманда, әкесінің досы "жыланды" ұзақ күтеді. Жылан, бөтен адамның қолындағы балтаны танып, отыншының баласына жақындап келеді.
Бала, әкесінің ауыр науқас екенін, өзі келе алмай, баласын жіберген сәлемдемесін айтады.
Жылан, інінен бір алтын әкеліп бергенін көргенде, отыншының баласына арам ой келеді;
Бұл жылан, бірнеше жыл, күнде бір алтын әкелсе, демек жыланның інінде мол қазына бар, неге мен күніне бір алтынды күтуім керек, оданда жыланның басын шабайын да, індегі бүкіл алтынын алып кетейін-деп шешеді.
Сөйтіп, ініне қайта кіріп бара жатқан жыланның басын шабайын деп, балтаны сермейді. Балта жыланның құйрығын шауып түседі де, ал, жылан баланы шағып алады екен.

Сол күні отыншы баласын қанша күтсе де, баласы келмейді. Ертесіне бар қуатын жинап, сүйретіліп орманға барады. Досының ініне жақын барса, қимылсыз жатқан баласының өлі денесін көреді. Қатты айқайлап жылап, досы жыланды шақырады. Жылан інінен шығып, болған жағдайды айтады.
Екі дос ұзақ үнсіз тұрады да, бір кезде отыншы жыланға "болар іс болды, сенің құйрығың қайта өспес, менің балам қайта тірілмес, достығымызды тоқтатпай, ары қарай дос болып қалайық" дейді.
Ал, жылан болса: Сен балаңның өлімін кешіре алғанмен, мен құйрығымның шабылғанынан болған ызаны кеше алмаймын-депті.

ПыСы:
Қашан да, кіммен дос болсаң да, араңда түсініспеушілік болған кезде, хикаядағы отыншы баласының өлімін кешкенмен, жаны тірі қалса да, құйрығының кесілгенін кешіре алмаған жылан сияқты досың болуынан сақтан.
Сен кешіре білгенмен, ол кешіре алмауы әбден мүмкін...

Paritet Ali
23 қаңтар 2020 ж. 947 0