№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сіріңкенің саудасы

Сіріңкенің саудасы


Вокзал маңындағы дүкенде сауда жасап тұр едік, бір жігіт дүкеншіге:
- Асығыс едім, маған бір қорап шырпы беріңізші - деп қолқа салды.
Сатушы ол сөздің мағынасын түсінбеді білем, жан - жаққа жалтаңдап,
тұрғандарға сұраулы жүзбен қарайды.
- Ол сізден оттық сұрап тұрған болуы керек - деді бір кісі.
- Мен түсінбей тұрмын - дейді дүкенші қызарақтап.
- Спички шығар, бәлкім - деді біреу қуланып.
- Ия, ия сол. Беріңізші тездетіп, пойызға асығып тұрмын.
- Е, кеуірт деп айтсаңызшы, міне, алыңыз - деп сатушы жігітке бір
қорап сіріңке ұсынды.
- Ал бізде шақпақ деп атайды - деді бір апай күліп.
Тіліміздің сөздік қорының молдығына масаттанып біз тұрмыз.
07 қараша 2019 ж. 1 664 0