ТОҒЫЗ ЖАСАР ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ ҚЫЗ АРЫСҚА ҚУЫРШАҒЫН БЕРІП ЖІБЕРДІ
Жаңа ғана пейілі пəк Нұрай есімді қызғалдағымыз: "Аға, мына қуыршақты мен секілді қызға беріңізші" деп қиылып, аманаттап кетті. Журналист болғаннан кейін, кімнің қызы? Аты кім? Арыстағы балаларға ойыншық беру ойына қайдан келді екен деп сұрастырдым. Таптым. Есімі -Нұрай. Əкесінің аты - Қанат екен. Содан əкесіне хабарластым. Хабардар екен.
"Жаңа папа ақша беріңізші деп сұрады. Сосын не істейсің десем? Дəу қуыршақ алам. Сосын оны ана көшеде көмек жинап тұрған ағаларға берем. Өзім секілді қызға берсін деді-" дейді Нұрайдың əкесі.
Сосын ол ой қайдан келіпті десем: "Телефоннан көріпті. Солай құрбылары қуыршақ беріп жатқанын" деді əкесі.
Алла ниетін қабыл етсін! Құдай қаласа, қазір Арыстағы ағайынға Жаңақорған аудандық мешіті мен ерікті жастардың үйлестіруімен 4-ші Газель жолға шықты. Ерікті жастар Нұрайдың аманатын өзі секілді сұлу арыстық құрбысына табыстайтын болады.
Әбдісамат ӘБДІШ