№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көңілің түскенде оқы!

Көңілің түскенде оқы!

Өмірдің басқа атауы жоқ. Өмірдің аты – өмір. Әр адам өз өмірінің суретшісі, өз бақшасының бағбаны. Сіз қандайсыз, өміріңіз де сондай. Кей жағдайда бәрін басынан бастағыңыз келіп, жан дүниеңіз құлазып сала береді. Мың құбылған тіршілік барысында бәрінен жалығып, көңілсіз қалғанда мыналарды есіңізге алып көріңіз. Жай ғана көңілсіздік еңсеңізді басқан кезде оқыңыз!
1. Жер бетінде кем дегенде 2 адам сен үшін өмірін қиюға дайын.
2. Кем дегенде 13 адам сені өздігінше жақсы көреді.
3. Егер сені біреу жек көрсе, онда ол саған ұқсағысы келгендігі деп түсін.
4. Сенің күлкің сені ұнатпайтындарды да бей - жай қалдырмайды.
5. Кеш батқан сайын ұйықтар алдында сені ойлайтын бір адам табылады.
6. Бір жан үшін сен бүкіл әлемсің.
7. Өміріңдегі ең үлкен қателікті жасаған кезде де сол қателікпен бір жақсылық ілесе келеді.
8. Өмір сенен теріс айналды дегенде, оған басқа қырынан қарап көр.
9. Өмір тағы бір мүмкіндік беріп тұрғанда есіңде бір нәрсе ғана болсын: сенің қолыңнан бәрі келеді!
10. Өкінішпен оянуға өмір тым қысқа.
11. Саған дұрыс көзқараспен қарайтын жандарды жақсы көр, жақсы көрмейтіндерді ұмыта сал, бәрінің өз себебі барын түсін.
12. Мүмкіндік туса – оны қажетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан - аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.
13. Ешкім саған бәрі оңай болады демеді. Олар тек болатын дүние соған лайық деді.
31 қазан 2019 ж. 855 0