№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Болашақ келініне хат жазған отандық актриса жұрттың жүрегін елжіретті

Болашақ келініне хат жазған отандық актриса жұрттың жүрегін елжіретті


Танымал отандық актриса Айнұр Ілиясова болашақ келініне хат жазды. Ол ұлына қамқор болып, бала сыйлайтын жанды қазірден жақсы көретінін, хатта ашып жазған. Алайда қелініне ескертулер айтқан жағдайда, ренжімеуін өтінген. Актрисаның жантебірентерлік жазбасын оқыған жұрттың жүрегі елжіреп кетті.Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Құрметті келін. Сені ең алғаш қай кезден бастап жақсы көре бастағанымды қазір әңгімелеймін. Күйеуім екеуміз балаларды жатқызып, жас ата-аналар ұқсап болашақ жайлы әңгімелесе бастадық. Күйеуім қызымыздың болашақ күйеуі жайлы ойланғысы да келмейтінін, оны қазірден бастап жек көретінін айтты. Ал мен сені, ұлымның жағдайын жасап, оған дәмді тағамдар әзірлейтін, оған бала сыйлай алатын жас қызды көз алдыма елестеттім. Аналық жүрегім елжіреп кетті. Егер ұлым көптеген әйелдердің ішінен сені таңдаса, мен оның таңдауын қабылдаймын. Егер ол менің ұлымды сүйе алса, мен де оны алдын ала жақсы көремін.
Араға көп жылдар салып, сен біздің үйдің табалдырығын аттадың. Бір кездері мен сияқты, әлі жасқаншақ, қорқақ қызсың.
Бәріміз де пендеміз, ақыл-ойым қызғанышпен қарсы күрескенін мойындаймын. Әркез мойындай бермесем де, мен үшін тырысып жатқаныңды көріп жүрмін. Егер қателігіңді айтсам, сені ренжіту ойымда жоқ екенін біліп жүр. Сені қызым деп қабылдасам, ана ретінде берген сабағымды қабылда. Егер саған кеңес берсем, әркез өз таңдауың бар екенін де ұмытпа. Бірақ ана ретінде саған кеңес беру, сені қорғап қалу – менің парызым. Балалардың қалтасын тәттіге толтырып, әртүрлі сыйлық беріп, еркелетсем – маған ренжіме. Қанша өмірім қалғанын білмеймін. Тек қиын сәтте әжелері туралы жақсы ойлағанын қалаймын. Күндердің күнінде сенің де үйіңе жас, әрі жасқаншақ, өзінің отбасымен жаңа қоштасқан қыз келеді. Оған да қиын әрі қорқынышты болады. Сен оған үйрет, бағыт-бағдар бер, кеңесіңді айт, бірақ оның да таңдауын қабылда. Оны түсінуге, сөздеріне құлақ асуға тырыс. Сол кезде мені, менің сабақтарымды күлкімен еске алып, мені түсінерсің деген үміттемін. Сенің енең”,  – дейді Айнұр Ілиясова.

05 мамыр 2018 ж. 1 169 0