№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болған оқиға ізімен

Болған оқиға ізімен

Бір жігіт қатты науқастанып жатып қалған екен. Кенеттен оның рухы денесінен бөлініп беймəлім əлемге кіріп қалады. Фəниде жасаған сауапты істері көп болғаны үшін жəннаттық болатыны хабардар етіліпті. Бір періште келіп:


- Менімен жүр, үш қадам тастасаң жəннатты көресің,- дейді. Жігіт бір қадам тастайды. Сол кезде жылаған дауысты естиді де, бұл кім?- деп сұрайды. Періште: - Ол сенің досың, сен өлгенде үш күн аза тұтып жылайды, -дейді. Жігіт екінші қадамын тастайды. Тағы да жылаған дауыс естіледі. Бұл кім?- дейді періштеге. Періште: - Бұл əйелің. Сен өлген соң қырық күн аза тұтатын болмақ, - дейді. Енді бір қадам тастағалы тұрғанда дүниені лəрзеге салатын зар илеген дауыс естіледі. Жігіт қалтырап: - Бұл кім?- дейді. Періште:


- Бұл сенің анаң. Сенің өліміңнен соң ол өмірінің соңына дейін сені сағынып жылаумен болады, - деп жауап береді. Енді жүр, тағы бір қадам тастасаң жəннатқа кіресің, бас тартсаң, бұл мүмкіндік саған қайта берілмеуі мүмкін, - дейді. Жігіт ойланып: - Анамды өлгенінше жылатып, өзім жəннатта уайымсыз жүре алмаспын, - деп артқа шегінеді. Сол кезде жігіт көзін ашады. Жанында басын сипап, көз жасын төгіп, анасы отыр екен...
18 мамыр 2019 ж. 1 586 0