№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қайғылы махаббат

Қайғылы махаббат



Елдос пен Айзада бір-бірін қатты сүйетін еді. Бірақ, Елдос Айзадаға күтпеген жерден:
— Осыдан соң кездеспей-ақ қояйық, — деп айтты. Ал Айзада:
— Неге олай дейсің? Сен маған үйленем дегенің қайда? — деп жылай берді.
— Менің ата-анам саған үйленуіме қарсы! Мен басқа қызға үйленейін деп жатырмын, — деп Елдос Айзаданы жұбатуға тырысты. Бірақ, Айзада Елдостың сөзін соңына дейін тыңдамай, жылап кетіп қалды. 


Бір ай өткен соң, Айзада Елдостың үй жағынан өтіп бара жатып, жиналған бір топ адамды байқады. «Елдос үйленіп жатқан шығар...» деді де, жөнімен кете берді. Осылай Елдосты ұмытты. Ал бір жылдан соң, басқа жігітке жолығып, екінші рет ғашық болды. Ол жігіттің есімі Ердос болатын. Ердос пен Айзада үйленіп, шаңырақ көтерді. Дүркіретіп той жасады. Бір аптадан соң, Ердос Айзадаға маңызды әңгіме айтты.
— Бұрын сені тастап кеткен Елдос есіңде ме?
— Иә. Сен оны қайдан білесің?
— Ол менің туған ағам еді. Ол басқа қызға үйленген жоқ! Ол «Қатерлі ісік ауруына» шалдығып, көз жұмды. Бұл туралы саған айтып, сені қинағысы келмеді. Сондықтан, сені солай алдады. Ал сені біздің үйдің келіні болсын деп, маған үйленуге тапсырып кетті. Мен сені бақытты қылуға уәде беремін.. Жылама жаным..

                                                                              Айзада тоқтаусыз жылай берді...
23 мамыр 2019 ж. 2 980 0