Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Құлға бағынған басшы

Құлға бағынған басшы

Әзірбайжанның бас қаласы Бакудегі Үкімет үйін неміс тұтқындары салған екен. Құрылыс барысында бір ерекше оқиға болған. Бір күні тұтқындар жұмысқа шығудан бас тартады.

Бұл жайсыз жәйт Әзірбайжан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Міржапар Багировке жетеді. Ол мәселенің мән-жайын білу үшін құрылыс алаңына өзі барып, тұтқындармен тілдеседі. Тұтқындар цементтің сапасыз екенін, сол себепті жұмысты жалғастыра алмайтындарын айтады. Аң-таң болған Багиров:
"Сендер тұтқынсыңдар. Цементтің сапасына бас қатырып нелерің бар? Жұмысты жалғастырыңдар", - дейді. Сонда тұтқындар: "Біз барша неміс халқының атынан жұмыс істеп жатырмыз. Сондықтан істеген ісімізде кемшілік болмау керек", дейді. Мұндай жауапқа тәнті болған басшы құрылысқа ең сапалы цементті жеткізуді тапсырған екен.
31 қазан 2019 ж. 873 0