№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Құрысу синдромы» қандай ауру?

«Құрысу синдромы» қандай ауру?


Адам денсаулығын қорғау – мемлекет назарынан қашанда тыс қалған емес. Ұлт саулығын нығайту жолында Үкімет бағдарламалар қабылдап, жүйелі жұмыс жүргізуде. Яғни, елді-мекендерде заманауи медициналық нысандар саны артты. Ондағы құрал-жабдықтар күрделі оталар жасауға мүмкіндік беруде. Мұны халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту бағытындағы ұмтылыстар ретінде бағалауға болады. Бірақ, балалар арасында түрлі дерттер аз емес. Соның бірі – құрысу синдромы (эпилепсия). Біз осы аурудың себебі мен салдарын анықтап, қалай пайда болатынын білуге тырыстық...
Деректерге сүйенсек, 2015 жылы әлемде эпилепсияға шалдыққан 39 млн. адам анықталыпты. Әлем халқының 20 жасқа дейінгі жастарының бір пайызы осы дертке шалдыққан.
Жалпы, эпилепсия ерте заманнан белгілі. Медициналық мүмкіндіктер толық дамымаған уақытта эпилепсияға «рухани кемістік» деген диагноз қойыпты. Аталған ауру туралы түсініктер (б.з.д. 2000 жыл бұрын) Месопотамияда кездеседі. Ол туралы егжей-текжейлі б.з.д. 1046-1067 жж. вавилондық дәрігер Сакиккуде жазыпты. Б.з.д. 900-жылы Пунарвасу Атрея эпилепсияны «сана жоғалту» деп сипаттаған. Ал, бүгінде бұл аурудың пайда болуының себебі не?
Мамандардың айтуынша, оған экологияның бұзылуы әсер етуі әбден ықтимал. Өйткені, табиғаттың ластануы бірінші кезекте сәбилерге әсер етеді. Қазіргі ғылыми-техникалық революция қоршаған ортаның жай-күйін өзгертіп жіберді. Соның салдарынан эпилепсия, яғни, құрысу, гипертония, жүрек инфаркты, рак, қант диабеті, семіздік және т.б. аурулар пайда болып, кемістікпен туатын, туа бітті аурулармен дүниеге келетін балалар саны артты. Соның ішінде бүгінгі баланың жиі шалдығатыны – естен тану немесе құрысу. Оны ерте заманда «рухани кемістік» санаса, қазір «құрысу синдромы» деп атайды.
Құрысу синдромы – адам миының белгілі бір уақытта істен шығып, бұлшықеттердің тартылып қалу қаупі бар дерт. Ол баланың әлсіздігінен, белгілі бір дәруменнің жетіспеуінен, қатты соққыдан немесе ана құрсағында дұрыс жетілмеуден пайда болады. Кейінгі уақытта осы ауру балалар арасында көп кездесетін болды. Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, дүниеге келген әр он баланың үшеуі «құрысу синдромына» шалдығады. Балаларда кездесетін құрысу синдромының бірнеше түрі бар. Олар тоникалық, клоникалық, фербилді, эпилепсиялық және тыныс алу аффектісі болып бөлінеді. Бұлардың ішінде жиі кездесетіні – фербильді құрысу.
Фербильді құрысу көбіне алты айдан алты жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі. Аталмыш дерт кезінде баланың иммунитеті әлсіреп, естен танып, аяқ-қолы сіресіп, ішек-құрылысы бұзылып, кіші дәретін ұстай алмай қалады. Бұл аурудың негізгі тудырушы күш – дене қызуының көтерілуі. Егер баланың ыстығы қатты көтерілсе әрбір үшінші балада талма ұстау қаупі бар. Баланың ми қыртысы өте әлсіз болғандықтан жоғарғы температураны көтере алмай соңы талмаға апарады. Құрысудың бұл түрі эпилепсияға жатпағанымен оны дер кезінде емдемесе соңы ауыр дертке соқтыруы ықтимал. Ал, дене қызуына басты себеп – түрлі инфекция. Көбіне суық немесе құлақ инфекциясы температураның көтерілуіне соқтырады. Дегенмен, есінен танған баланың бәрі бірдей эпилепсия деген сөз емес. Бастысы, эпилепсия мен фербильді құрысуды ажырату маңызды. Өйткені, эпилепсия кез-келген жаста орын алса, фербильді құрысу 6 жасқа дейінгі балаларда ғана кездеседі.
Сондай-ақ, баланың дене қызуы қалыптыдан төмен түсіп кетсе де құрысу синдромына шалдығады.

АУДАНДА «ҚҰРЫСУҒА» ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП ПЕ?
Аудандық орталық емхананың балалар невропатологы Кенжеқыз Қалымбаеваның айтуынша, аудан бойынша екі жасқа дейінгі сәбилердің 40 пайызы осы аурудан зардап шегуде. Ал, аудандық орталық емхананың статисі Алмас Мұсаевтың мәліметінше, бүгінге дейін аудан бойынша 76 адам құрысу синдромымен дәрігерлік есепте тұр. Оның 36-сы ересектер, 4-і жасөспірімдер болса, 36-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Соның ішінде 13-і 6 жасқа дейінгі балғындар екен. Демек, бала денсаулығына баса назар аудару керектігі анық.
– Бүгінде өткен жылдармен салыстырғанда балалар арасында түрлі құрысулар көбейіп кеткен. Оның басты себебі – ананың денсаулығының нашарлығы деп ойлаймын. Өйткені, дені сау анадан дені сау шарана дүниеге келеді. Соның салдарынан бала іштен әлсіз болып, тұншығып туылып, ауруға шалдығып жатады. Құрысу – жүйке жүйесінің зақымдануынан пайда болады. Оның жеңіл және ауыр түрі бар. Жеңіл түрінде баланың дене қызуы қатты көтерілгенде аяқ-қолы тартылып 5-10 минуттай естен танады. Дер кезінде емін алса, бұл ұстама қайталанбай, сәби жазылып кетеді. Ал, ауыр түріне шалдыққандардың талмасы жиі ұстап, ұзақтығы 15-20 минутқа дейін созылуы мүмкін, – дейді Кенжеқыз Қалымбаева.
Балалар невропатологының сөзінше, әр ана өз баласының бірінші дәрігері. Оның гигиеналық тазалығын қадағалап, түрлі вирустардан сақтағаны дұрыс. Өйткені, вирустар барлық аурудың қоздырғышы болып табылады. Өсіп келе жатқан балаға инфекция жұғып, бір ауырғаннан кейін ол ауруға бейім болып, түрлі дертке шалдығуы мүмкін.

АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?
Әрине, ата-ана баласын міндетті түрде уақытылы дәрігердің тексеруінен өткізгені абзал. Сәби дүниеге келгеннен кейін екі айында алғашқы тексеруден өтіп, неврологтың қарауында болады. Одан кейін 6 ай, 1 жас және 6 жаста міндетті тексеруден өтеді. Осы тексеріс уақытында баланың даму процесі қадағаланады. Ал, ауруға шалдыққан балалар арнайы аппараттың көмегіне жүгініп, сол арқылы диагноз қойылады.
– Ата-ана баласын құрысуға шалдықты деген шағыммен келсе оны ең алдымен электроэнцефалография аппаратына түсіруге жолдаймын. Тек осы құрылғының көмегімен ғана бала миындағы қыртыстарды толық бақылап, оның қандай дерті бар екенін анықтауға болады. Аппаратта екі сағатқа жуық ұйықтаған баланың ми қыртысының барлық жазбасы шығады. Соның нәтижесінде, баста ауытқулар бар не жоғын біліп, ем дайындаймыз, – дейді Кенжеқыз Әмелбекқызы.
Дәрігердің айтуынша, құрысуға ұшыраған баланың барлығы «эпилепсия» деген сөз емес. Оны уақытылы емдету арқылы ауруынан сауықтыруға болады. Ал, бала күтпеген жерден құрысу синдромына шалдығып, естен танып жатса дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмекті ата-ана көрсеткені жөн. Ең алдымен баланың қатты құлап, жарақат алмауын қадағалаған абзал. Себебі, құлап, травма алған баланың ауруы асқынуы мүмкін. Баланың дене қызуының 38 С-тан асып кетпеуі өте маңызды. Сонымен қатар, бала тілін жұтып, тұншығып қалмас үшін етбетінен жатқызып, басын бір жағына бұру керек. Оны ешқашан шалқасынан жатқызуға болмайды.

Түйін. Қандай түрі болмасын батпандап кірген аурудың мысқылдап шығары белгілі. Сондықтан, әр ата-ана болашағының нұрына балап отырған ұрпағының денсаулығына баса назар аударып, келер кеселдің алдын алғаны абзал.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
27 ақпан 2018 ж. 6 978 37

cit от 17 тамыз 2020 05:22
women taking viagra for fun pub viagra canada click here viagra 100mg viagra pfizer limited

cit от 17 тамыз 2020 21:53
viagra prices seattle india in buy viagra for viagra cheap click here viagra 100mg

cit от 18 тамыз 2020 05:54
cost of viagra in spain venta de viagra en colombia viagra verkauf where can i buy viagra boots

cit от 18 тамыз 2020 14:03
approved viagra by viagra cheap viagra cheap viagra de 100mg faz mal

cit от 18 тамыз 2020 22:14
venta de viagra en colombia cialis viagra prix cheap viagra kann eine frau viagra nehmen

cit от 19 тамыз 2020 06:23
brand viagra pfizer buy viagra approved viagra by generic viagra drug

cit от 19 тамыз 2020 14:52
where can i buy viagra boots viagra new york times viagra article we choice generic viagra 100mg