№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » "Күнделік": қалай тіркелуге болады?

"Күнделік": қалай тіркелуге болады?

"Күнделік" - оқу орындары, сондай-ақ педагогтар, оқушылар және олардың ата-аналары тіркелуі мүмкін сервис. Біз сіздерге оған қалай тіркелу керектігін айтамыз.

"Күнделік": тіркелу ережелері
Күнделік кз (kundelik.kz) - елдің білімін халықаралық стандарттарға жақындатуға және білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін ақпаратқа барынша қарапайым және ыңғайлы қол жеткізуге ұмтылатын сервис.
Сервис иесі - оқу орны. Сондықтан білім беру процесінің қалған қатысушылары — педагогтар, балалар және ата-аналар — нақты оқу орнында жұмыс істейтін әкімшіге жүгінуі тиіс. Ол қажетті логин мен құпия сөзді (пароль) береді. Солардың көмегімен "Күнделік" ұсынатын барлық қызметтерді кедергісіз пайдалануға мүмкіндік туады.
Сервис ережелеріне сәйкес, логин тек бір рет өзгеруі мүмкін. Ол кемінде 6 латын символдарынан тұрады және асты сызулар мен нүктелерден басқа бос орын немесе басқа белгілер болмауы тиіс.
Құпия сөз (пароль) - "Күнделік"-тің барлық маңызды функцияларына есік ашатын кілт. Онда әртүрлі символдарды латын әріптерімен бірге қолдануға болады.
Жүйенің әрбір қатысушысы үшін парольдің өз ұзындығы анықталды. Атап айтқанда, оқушылар мен олардың ата-аналары 6 символдық құпия сөздерді, ал педагогтар — 8 символды құпия сөздерді пайдаланады.
Тіркеу бірнеше қарапайым қадамнан тұрады:
  • Кез келген ыңғайлы браузерде www.kundelik.kz мекенжайды енгізу қажет . Ашылған бет қажетті интерфейс тілін таңдауға мүмкіндік береді.
  • Дербес деректер қойындысын ашу үшін оқу орнынан әкімші ұсынған құпия сөз бен логин енгізу қажет.


09 тамыз 2019 ж. 1 249 0