ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫ ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІЛЕРІ ТӨЛ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
"Баспасөз және байланыс қызметкерлерінің" төл мерекесі. Кәсіби мерекені асқан ыждақаттылықпен қарсы алған аудан журналистерінің "Қанатты қалам-2019" салтанатты шарасы "Арман" мәдениет үйінде бастау алды.Қарымды қаламгерлерді марапаттау үшін арнайы келген аудан әкімі Ғалым Әміреев шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеп, ұжымның үздік қызметкерлерін марапаттады.
Әсіресе,мерейлі мерекенің құрметті қонағы болған белгілі меценат Жангелді Ойшыұлы,газеттің байырғы редакторы Алмас Досжанұлы,қуатты қаламгер Файзулла Сахиев сынды зиялы қауым өкілдері облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының, аудан әкімі Ғалым Әміреевтің және"Сыр Медиа"ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаевтың "Алғыс хатына" бөленді.
Сондай-ақ, басылымның белсенді қызметкерлері де марапат биігінен көрініп, еңбегі еленді.
Жаңақорған Тынысы газетінің ұжымы қазақстандық, облыстық БАҚ қызмет етіп жатқан әріптестерімізді шын жүрекпен мерейлі мейраммен құттықтаймыз. Қаламның қуаты тасып, шабыттарыңыз шалқи берсін.