№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢА ӘЛІПБИМЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖАҢА ГАЗЕТ

ЖАҢА ӘЛІПБИМЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖАҢА ГАЗЕТ

    Латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбиімен тұңғыш рет жарық көріп отырған бұл газет бүгіннен бастап айына екі рет шығатын болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 19 ақпандағы №637 Жарлығында бекітілген латын негізді қазақ әліпбиін насихаттайтын, жаңа әліпбиге қатысты ақпаратпен, танымдық материалдармен бөлісетін бірегей басылым болмақ. Газеттің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, газет ұжымын және оның шығуына ұйытқы болып отырған Тіл саясаты комитеті мен   Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Til-Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына алғысын айтты. 

   «Бүгінгі біз көпшілік оқырман қауымға арланған «Тіl-Qazyna» газетін шығаруды ұйғардық. Бұл республикалық ақпараттық-танымдық бағыттағы тұтастай латын қарпінде берілетін алғашқы мерзімді басылым болады. Мақсатымыз – латын қарпіндегі ақпараттар легін көпшіліктің талқысына салу, жаңа қазақ емлесі ережелерінің қыр-сырына қанығу, оқып-жазуға дағдылану», – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
  Бұл шараға ғалымдар Мырзатай Жолдасбеков, Сұлтан Оразалин, жазушы Төлен әбдік, қоғамға танымал азаматтар Ерлан Саиров, Мұхтар Тайжан, т.б. зиялы қауым өкілдері де қатысып, құттықтау сөзін сөйледі. Газет таныстырылу барысында латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің маңыздылығы мен алдағы уақыттағы жұмыс барысының жоспарлары талқыланды. Сондай-ақ өзгертулер жайлы жалпы ұсыныстар айтылды.  

Автор: Нұрлан Нұрышов.

https://e-history.kz

02 қараша 2018 ж. 1 058 0