№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІ ҚАЙТСЕ АРТПАҚ?

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІ ҚАЙТСЕ АРТПАҚ?


Жақында әкімдікте Әдеп жөніндегі уәкіл Адай Салыбековтың төрағалығымен моральдық-әдептілік құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыру бағытында және «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» кітапшасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру мақсатында басқосу өткізілді. Жиналысқа кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандағы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты.

Алқалы басқосуда аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов хабарлама жасап, «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» кітапшасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша таныстырды.
Баяндамашы өз сөзінде «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» кітапшасындағы мінез-құлық стандарттары бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік ресурстарды заңсыз пайдалануы, азаматтарға әдепсіз мінез-құлық таныту, жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қарым-қатынастағы мінез-құлық, мүдделер қақтығысы, жария сөз сөйлеу, БАҚ-пен қарым-қатынас, әлеуметтік желілерді пайдалану, іскерлік этикетті және ресми мінез-құлық қағидаларын бұзуға жол бермеу қажеттілігі жөнінде хабарлады.
Бекітілген мінез-құлық стандарттарын сақтау барлық мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер өзіне сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін күтіп ұстауға, оларды қызметтік мақсаттан тыс пайдалануға жол бермеуі жайлы түсіндірілді.
Сонымен қатар, жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта өз іс-әрекеті мен мінез-құлқына жауапты екендігі таныстырылды. Кез-келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болатындығын әрбір мемлекеттік қызметші есте сақтауы қажеттігін атап өтті Нұрымжан Бұлдырықов.
Оған қоса, әлеуметтік желілерді пайдаланғанда мемлекеттік қызметшілерге әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау қажеттілігі айтылды.
Жиын барысында әрбір мемлекеттік мекемеде артық жұмыс істеу фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар жүргізу, жұмыс уақытын, еңбек тәртібін қатаң сақтау қажеттілігі, жұмыс уақыты біткеннен кейін қызметшілердің жұмыс орнында болуын болдырмауды қатаң бақылауға алу ұсынылды.
Сондай-ақ парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытында басшы әдебі, тимбилдинг, адам құқықтарын құрметтеу және сыпайылық, заңға деген құрмет, қызметтерді көрсетуде кемелділікке талпыну, міндеттерді парасатты орындау қағидаты айқындалды.
Басқосу соңында кент және ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшыларына өздері басқарып отырған мекемелердегі қызметкерлердің қатысуымен жоғарыда аталған мәселелер бойынша насихаттау жұмысын үдету тапсырылды.
Ал, Әдеп жөніндегі уәкіл Адай Салыбеков мемлекеттік қызметшілерге қажетті кеңестер алуға болатындығын айта келе, Әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау мемлекеттік қызметшілерге қойылатын басты талаптардың бірі екендігін, сондықтан, алдағы уақытта осы бағыттағы жиналыстар барлық мемлекеттік мекемелерде өткізілетінін сөз етті.

Самат ӘБДІШ.
05 ақпан 2019 ж. 1 295 0