№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ІС БАСЫНДА – білікті МАМАН

ІС БАСЫНДА – білікті МАМАН

Елімізде әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің маңызды мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елде әйелдің саяси һәм қоғамдық белсенділігіне айрықша көңіл бөлініп, іскер, білімді де білікті қыз-келіншектерге даңғыл жол ашылған. Бұл жөнінде Елбасы: «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде – биік, ал істе – мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген болатын. Расында бүгінде бұрымдылар билік басында еркектермен иық тіресе жұмыс істеп жүр.
«Жас келсе, іске» демекші, мем­лекеттік қызметшілердің кәсіби ме­рекесі қарсаңында өзінің іскерлік қабілетімен танылып, тиянақты жұ­мысын жасап жүрген Ақүйік ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі маманы Арайлым Исматованы сөзге тарттық.
Жалпы, қай мәселенің де алдымен қаржыға барып тірелетіндігін, нарық­тың нар көтерер жүгін осы саланы жетік меңгергендер ғана жеңіл игеретіндігін ерте түсінген Арайлым Семейдің қаржы колледжіне таңдау жасайды. Колледжді қызыл дипломмен аяқтап, одан әрі Семей Қазақ қаржы – экономикалық институтын 2007 жылы тәмәмдайды.
Еңбек жолын Жаңақорған аудан­дық тұрғын үй – коммуналдық шаруа­шылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде іс жүр­гізуші жұмысынан бастады. Ресми және қаржылық құжаттар әзірлеудің қыр-сырын тез меңгерді. Ал, 2015 жылдан бері Ақүйік ауыл округінің әкім аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жастар маманы қызметін атқарып жүр. Жетістігі де жылма-жыл жақсарып, талабы да өсе түскен.
2017 жылы ауданның қоғам­дық-саяси өміріне белсене арала­сып,жастардың шығармашылық әлеуе­тін арттырып, мемлекеттің жастар саясатына қосқан зор үлесі үшін 26 округтің ішінен топ жарып, «Үздік жастар ісі маманы» аталымы бойынша марапатталды. Бұл марапат жас қызды одан сайын жаңа істерге, тың бастамашылықтарға құлшындыра түсті.
– «Жұмыста талапшыл. Әрбір іс қа­ға­­зының барынша жылдам, жүйелі орын­далуын сүйеді. Ал, үйінде келін, ана. Жұмыста және одан тыс уақыттарда мен әдеп қағидатынан жаңылмайтын қарапайым қазақ қызы. Азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытады. Әрбір іске қатысты мағлұматтар мен құжаттарды жинауда нақтылықты, толыққанды болуын қамтамасыз етеді. Елді мекенде атқарылып жатқан іс-шараларға және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Адал. Іскер. Көпшілікпен кездесулерде, кісі қабылдағанда өзін сабырлы, салмақты байыпты ұстайтын азаматша,– дейді Ақүйік ауылдық округінің әкімі Әскер Мұсаев.
Арайлым Исматованың айтуынша, соңғы жылдары Бірлік ауылының жастары елді-мекеннің экологиялық жағдайын қалыпқа келтіру, көк­желек­тендіру, имани іс-шараларды бірлесіп атқаруға жұмыла түскен.
Мемлекет басшысы жариялаған биылғы «Жастар жылында» бірқатар жобалар қолдау тапқан. Мәселен, «Jas Project», «Бастау-бизнес» жобаларына қатысуға жастар ынта білдіргенімен кейбірінің білімі, білігі, тәжірибесі жете бермейді. Осындай шақта өткен жылдан бері Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен «Zhas Project» – Жастар корпусын дамыту жобасының менторы және жаттықтырушысы сертификатының иегері Арайлым Исматова әрбіріне көмек қолын созып, нақты қолдау көрсетеді.
Ақүйік ауылдық округінде осы жобалар аясында бірқатар жұмыстар жалғасын табуда екен. Мәселен, Самал Ордабекованың «Әдемі Р» тігін шеберханасы қанат жайып келеді. Ал, Бақдәулет Сопбековтың «Асыл тұқымды ешкілер» жобасы жүзеге асырылды. Жұлдызай Әбілқайыр Жаңақорған кенті орталығынан «Той көйлегін жалға беру» орталығын ашты.
– Мұндай жұмыстар ауылдық жерде атқарылғандықтан көп ағайындар жас келіндердің ісін балалық «хобби» деп қабылдайды. Бастапқыда қиындау тиер. Кішкентай ғана шаруа болғанымен бұған үлкен жауапкершілікпен қарап, істің көзін тауып, ата-анасы, отбасы мүшелері түгелдей қолдағанда, келін­дердің ісі де өрге басады. Бизнесті бастаған жасқа отбасының қолдауы ауадай қажет. Қай жобада болса да барынша креативті, тың, бұрын аталарымыз жасаған сирек кездесетін қолданбалы өнер құндылықтарын қайта жаңғыртатындар болса, біз қашанда қолдауға әзірміз»,– дейді Арайлым Исматова.
Иә, мемлекеттік қызметші ел игілі­гіне барынша маңдай терін, білім-білігін жұмсап, халықпен етене араласса, оның абырой беделге ие болары сөзсіз. Біз де жаңа жобаларға шынайы қамқорлық көрсетіп, жанашырлықпен кірісіп, жастарға шапағатын тигізіп жүрген Арайлымға талабыңыз таудай болсын дедік.

Иса БЕРКІМБАЙ


22 маусым 2019 ж. 1 035 0