№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БӘТУӘЛІ БАСТАМАДА БЕРЕКЕ БАР

БӘТУӘЛІ БАСТАМАДА БЕРЕКЕ БАР


Мұсылман баласына діннің жеңіл жолы көрсетілген. Исламда қандай да бір шешім қабылданатын болса, жоғарыда айтылған шариғи үкімнің осындай оңтайлы тұсын қабылдауы жақсы амалға жатады. Дегенмен, бүгінде шариғатқа қатысы жоқ, ойдан шығарылған көптеген жат көріністер белең алып барады. Әсіресе, өлікті жөнелту мен той жасаудың ара-жігін ажырата алмайтын халге де жеткен жағдай қалыптасты.
Аллаһтың бұйрығы намаз оқудың орнына бүгінде әр аптаның «бейсенбі» күндері жапа тармағай «пейшембілікке» барып қарын тойдырып қайтқанды, сол жерде шариғат айтылып, дұрыс жолдың бағыт-бағдары қандай болу керектігінің орнына бір-бірімен пайдасыз сөз сөйлеп, өзара сауғаласып тарасатын жандардың да көбейіп бара жатқаны да жасырын емес.
Осындай «қонақшыл» жұрттың бұл теріс қылықтарына тосқауыл қойылатын уақыттың жетіп, оны іске асырудың жолын қарастыруды қолға алып, бірізділік жасаудың шараларына қатысты аудандық мешіттің бас имамы Сейдулла Омаровтың «Пейшембілік: үнемшілдік-ырыс, ысырапшылдық-шығыс» атты сұхбаты («Жаңақорған тынысы» газеті, сұхбаттасқан, Самат Оңғарұлы.10 ақпан, 2018 жыл.) көпшіліктің көкейіне терең ой салды.
Ауданның бас имамы С.Омаров: «Өкінішке орай, қазір пейшембілік дастарханынан құстың сүтінен басқаның бәрін табасыз», – деп өзінің сұхбатында орынды мәселе көтерді. Расында, бұрындары елдің ақсақалдары өмірден өткен адамның жаназасынан кейін, жиылып ас ішіп, сөз сапырып отырмайтын еді. Ер кісілер де, әйел жандар да үй иесіне көңіл айтқаннан соң, тарасып кететін. Бұны өзіміздің көзіміз көріп, бастан өткергендіктен айтып отырмыз. Бүгінде бұны түс көргендей қабылдайтын «топ» пайда болған. Жұрттың бәрі шамасы келсін, келмесін «бейшембілікті» өткізуге жан аямай кірісетіндігі сол, ысырапшылдық былай тұрсын, бұл өлік иесінің дастарханының басында қарын тойғызу үшін келетіндердің «ордалы ұясына» айналып бара жатқандай.
Танысын-танымасын аудан орталығында әлдебірулердің бүгін «кімнің бейшенбілігі» деп арғы бет, бергі бет демей сабылып сонда бара жатқанын көресің. Осындай жатқылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімдігі мен аудандық мешіт елдің салиқалы азаматтары мен имамдардың басын қосып, ақпанның 24-күні ҚМДБ-сы шығарған «Жаназа мен жерлеу» рәсімдері атты кітапты басшылыққа алған семинар - кеңес өтті.
Міне, осы семинар кеңесте өзіндік терең зерделі тұжырымымен, салиқалы пікірімен жаңақорғандық белгілі меценант, елағасы Фахриддин Тұрғанбаев жұртты елең еткізерлік ой тастап, өзінің ұсынысын да жеткізген болатын.
Ф.Тұрғанбаев сол семинарда: «Бүгінгі өмірден озған адамды жерлеу мен оған қатысты іс-шаралардың шектен шығып бара жатқанын, бұлай кете беретін болса тұйыққа барып тірелетіндігін, күні ертең бізді бұл жөн-жосықсыз бәсекелестік, ойдан шығарылған, шариғатқа қатысы жоқ, тіптен қайшы келетін тұстары мен ойдан шығарылған әдеттер белең алып бара жатқанына баса назар аудару керектігін, ел алдында бұндай жөн-жосықсыз іс-шаралаға тосқауыл қоюдың амалын қарастаратын уақыттың жеткенін, барлық шаралар шариғи тұрғыда қарастырылып, бұл көтеріліп отырған мәселені аяқсыз қалдырмау керектігін, және де өзінің ұсынысымен жаңақорғандықтарды ақпанның 24-не аудан орталығындағы Һисамиддин (Сунақ Ата) мешітінде бас қосуға шақыратынын, бұл мәселеде ең алғашқылардың бірі болып, семинер-кеңеске қатысты осында айтылған ұсыныстардың шешімнің жауабын сонда береміз», – деп өз сөзін қорытындылаған болатын.
Ел ағасының сөзі дуалы, ісі баянды болып шықты. Жақында «Һисамиддин» орталық мешітінде сенбі күні аудан орталығынан, Жаңарық, Төменарықтан, Құттықожа, Жайылма ауылынан жиналған жамағаттың саны жүзден асып жығылды. Басқосудың басты мақсатына қатысты мәселенің түп-төркінінің неде жатқандығын аудандық мешіттің бас имамы С.Омаров түсіндіріп өтті. «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес», – демекші бұдан кейін жиналған қауымның алдында, ел ағасы Ф.Тұрғанбаев өзінің жүйелі сөзімен, сыйлы ойымен ел-жұртқа осы бір келелі мәселе жайын кеңірек тарқата айтты.
Жиын барысында мешітке жиналғандардың ішінен бүгінде ысырапшылдыққа бел алдырған - жаназаға, жыртыс тартуға, ас та төк қойылатын дастарханның мәзіріне қатысты сауалдар қоюшылар да болды. Олар осы жиынды ұйымдастырушылар тарапынан өздеріне тиісінше тұщымды жауаптар алды.
Қасиетті Құранда: «Әй адам балалары! Әрбір құлшылық орнында зейнеттеріңді алыңдар (Киініңдер.) Және жеңдер, ішіңдер де ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді сүймейді», (Ағраф сүресі, 31-аят.) делінген.
Олай болса осында пәтуаласқан ұсыныстарды жүзеге асыруды бүгіннен бастап қолға алумен қатар, басқа ортаның өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, жаппай орындауға күштеп жол берілмейтіндігі де қадап айтылды.
Бұндағы басты мақсат – ысырапшылдыққа қарсы үгіт – насихат жұмыстарының мүмкіндігінше халыққа дұрыс жеткізілуінің іске асырылуы болмақ. Бұл басқосу елдің арасында тұрмысы төмен отбасыларына не болмаса қалталы азаматтардың атына қатысты өткізілген жиын емес, бұл мұсылмандардың шариғи тұрғыда іске асырылатын барша жұртқа ортақ іс-шара екендігі басты назарда ұсталды. Абай: «Ғылымсыз ақырет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды»,-дейді. Яғни, бізге алдымен не керек? Ілім мен білім өте қажет екен. Олай болса, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, тойшылдық пен берекесіздікке жол бермей, ынтымақ пен бірлікке, достық пен туыстыққа шақыратын осындай басқосулар қажет-ақ.

Асан САРКУЛОВ,
журналист, жазушы.
03 наурыз 2018 ж. 1 229 0