№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болашақтың бағбаны

Болашақтың бағбаны

  Біз әңгімелегелі отырған Жаңақорған кентіндегі №125 мектептің химия пәнінің мұғалімі Мөлдір Ақынбекова өз ісіне жауап­кершілікпен қарайтындардың қата­­рында. Қысқаша айтсақ, шәкірттерін түрлі сайыстар мен олимпиадаға дайындап, жүлдесіз қайтпайтын, ғылыми жобалар мен бітірушілердің тесттік қоры­тындысынан да үздік нәтиже көрсете білген ізденімпаз жан. Бүгінде Жұлдызай Әлайдар, Арайлым Әбдіқалық, Абылай Бұлдырықов, Нұрайым Бал­тақожа, Зәру Темірхан, Ақерке Құрманбек, Аяулым Оразбек сияқты мектеп мақта­ныштарының Мөлдір апайы­на деген алғысы шексіз.

Сүйіншілейтін тағы бір жаңалық, Мөлдір жақында ғана Елбасы Н.Назар­баевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында республикалық білім беру ұйымдары педагогтарының арасында өткен «Жылдың жүз үздік химия пәні мұғалімі» атты республикалық байқаудың арнайы төс белгісін кеудесіне қадап, жеңімпаз болды. Оның бұған дейін де мұнан өзге жетістіктері толып жатыр. Мөлдір өзінің 13 жылдық мұғалімдік өтілінде мектеп яки аудан, облыстан бірнеше рет мақтау естіп, қатырма қағазды мол қып алса да, өз қызметін атақ үшін атқармағанын айтады. Керісінше, баласының бағытын айқындап берген Мөлдірге ұжымдастары да, ата-аналар да риза.
– Педагогтардың еңбегін бағалауда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған конференция, семинарларда түрлі қала­лар мен астанамыз Нұр-сұлтанда да болдық. Жасалып жатқан барлық жұмыстар бала мен мұғалім арасындағы байланысты жақсартуға көп көмек береді. Сонымен бірге, «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасының қолға алынуы бізді екі еселеп қуантты. Бұйырса, бұл ұстаздарға оң жаңалық әкеледі деген сенімдемін, – дейді жеңімпаз мұғалім Мөлдір Ақынбекова.
Өзін де, сөзін де түзу ұстап, шәкіртке берер бағытын айқындап, мұғалім деген мәртебелі мамандықты арқалап жүру оңай шаруа емес. Айтпақшы, осы білім ұясында география пәнінен сабақ беретін Алма Оразбек те осы жылдың үздік мүғалімі атанғандардың қатарында. Бүгінде Мөлдірден бөлек, Ғалия Бегентаева, Бақытгүл Түркпенбаева сияқты білікті педагог мамандар кейінгі буын-жас мамандарға баланы оқыту мен тәрбиелеудегі сан қырлы әдістемесін үйре­туден жалыққан емес. Мектеп біліктілігі де осындай дара ұстаздармен ерекшеленетіні де сондықтан. Ал Мөлдір сынды мұғалім көбейсе, сіз бен біз сенген болашақтың бұлыңғыр болмайтыны тағы да айдан анық екені даусыз дүние.
Бізге дейінгі немесе кейінгі ұрпақтың өмірдегі өз орнын табуда мектеп деген киелі шаңырақтағы мұғалімнің алар орны ерекше. Олай деуге себеп те көп. Талай дүниенің тетігін ұстаған, әйтеуір, қандай да бір жеткен жетістігін саралайтын кез келген адам, алдымен өз ұстазын еске алары хақ.

Ерлан РАЙЫМБЕК.
11 маусым 2019 ж. 882 0