» » БІЛІКТІЛІГІҢІЗДІ АРТТЫРҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ? ОНДА "МІНБЕРДІҢ" ТРЕНИНГІНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗ!

БІЛІКТІЛІГІҢІЗДІ АРТТЫРҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ? ОНДА "МІНБЕРДІҢ" ТРЕНИНГІНЕ ҚАТЫСЫҢЫЗ!

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Интерньюс-Қазақстан өкілдігінің ұйымдастыруымен MediaCamp бағдарламасы аясында «Медиа ақпараттық сауаттылық» тақырыбында тренерлерге арналған тренинг өткізеді, деп хабарлайды minber.kz.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы жобаны ЮСАИД қоры қолдап отырғанын айтты.
– Тренинг 29-30 маусым күндері Алматыда «Қазжол» қонақүйінде өтетін болады. Орын саны шектеулі болғандықтан, болашақ тренерлер арасында конкурс жарияланады. Ол үшін minber.kz. кіріп, сауалнаманы толтырып, кері жолдауы тиіс.
Орын саны шектеулі болғандықтан сауалнаманы тиянақты, әрі жақсы толтырғандардың ішінен 15 қатысушы іріктеліп алынады. Өтініштер 17 маусым күндізгі сағат 12:00-ге дейін қабылданады. «Мінбер» тренингке қатысушылардың жол және қонақ үй шығындарын өз мойнына алады, – деді медиа-тренер Е.Кәпқызы.
Оған медиа мамандары, журналистер, жоғары оқу орнының ұстаздары қатыса алады.
Тренингке қатысушыларға қойылатын талап – семинар-тренингтен алған білімдерін өз өңірлерінің медиа белсенділері мен студенттермен, журналистермен бөлісіп, 90 минуттық үш тренинг өткізуі тиіс.
08 маусым 2019 ж. 605 0