Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӘРБИЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТАРТУЫ

ТӘРБИЕ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТАРТУЫ

Ұрыспай айтқан ақылын,
Ұстазым – қамқор ақылшым.
Мың алғыс сізге түлектен,
Мың алғыс сізге жүректен!

Бұл – аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының шәкірттері айтқан жауһар жыр. Жыл бойы ұлағатты ұстаздардан тәлімді тәрбие, сапалы білім, өміршең өнер үйреніп, спортқа шынығып, поэзиямен сусындаған оқушылардың «Мерейлі мамыр мейрамы, сыңғырла, күміс қоңырау» атты мерекелік кеші осылайша өрбіді. Игі шарада алғы сөз алған орталық директоры Әлімжан Ержанов:
– Халық даналығында Мектеп – кеме, бңлңм теңіз – деген керемет сөз бар. Расында да, білім мен тәрбие қатар ұшталған елдің тұлғасы толирантты, жастары жасампаз болады. Осынау қос ұғымды қатар ұстанып, жыл бойы шәкірт санасына ілім құю үшін тер төккен орталықтың педагогтарына ерекше алғыс айтамын. Ал, құрметті оқушылар, орталықтан түлеп ұшар жас достар, өмір өлкесінде жолдарыңыз ашық болып, қанаттарыңыз талмасын, – деді.
Әрі қарай салтанатты шараға арнайы келген аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Оспанов пен аудандық білім бөлімі жанындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Елшібек Сатершинов жылы лебізін ақтарып, тәрбие орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасаған бірқатар мекемелерді марапаттады. Атап айтсақ, Әлшекей атындағы өнер мектебінің директоры Қалдыбай Қошқарбаевқа, «Бағымнұр» балабақшасының әдіскері Мадина Искиндирова мен тәрбиеші Ұлболсын Мавлияноваға «Алғыс» хат табысталды.
Оқушының сыныптан тыс уақытын талантымен ұштастырып, тиімді өткізуде тәрбие орталығының атқарар рөлі зор. Баланың табиғи дарынын шыңға жетелеп, руханият көкжиегін кеңейтіп, жыл бойы түрлі үйірмелермен сусындататын да осынау білім шаңырағы. Бүгінде 600-ден аса баланы түрлі бағытта өмірге даярлап, өнермен ұштастырып жүрген педагогтар саны отыздан асады. Ал, тәрбиелік-мәдени бағытта 25 үйірме жұмыс жасауда.
Иә, өмірде өшпейтін іс – шәкірт санасына құйған ілім. Кез келген ұстаз білімді шәкіртімен мақтанса, жетістіктің шыңын бағындырған шәкірттер ұстазының еселі еңбегін өмір бойы ұмытпасы анық. Бұл мәдени кеште те ұстаз бен оқушы арасындағы жұмыс баяндалды. Ұлағатты ұстаздан үйренген ілімін көпшілікке паш еткен үйірме мүшелері қара сөзден маржан теріп, әуелетіп ән салды. Мың бұрала би билеп, көңілді көрініс көрсетті. Жайдарлы «Жасұлан» көңілді тапқырлар клубының жігіттері көпті күлкіге батырып, ата-аналардың жүзіне қуаныш сыйлады.

Ханым ТӨРЕХАН.
30 мамыр 2019 ж. 1 245 0