№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ұланымыз ұлы елдің» VІ облыстық слет осы тақырыпта өтті

«Ұланымыз ұлы елдің» VІ облыстық слет осы тақырыпта өтті

   Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тәуменді тірегі – жас түлектерді таңдаулы азамат етіп тәрбиелеуде Республикалық Бірыңғай «Жас ұлан» Балалар мен Жасөспірімдер ұйымының қабылданған ережелері мен байыпты бағдарламасы бар.

   Басты мақсаты – жасөспірімдерді Отансүйгіштікке, асқақ мұратқа, адамгершілік пен ізгілікке баулуға бағытталған ұйымының Әнұраны азат еліміздің ашық аспанында еркін қалықтап, жас қанат армандарға асқақ рух дарытуда.
Біз, ұланы қазақ елінің,
Туған жерін, сүйген Отанын
Әке жолын, ана мейірімін,
Бойға жиған қасиетін
Жас ұлан, қалықта,
Қырандай қарышта.
   Еліміздің абыройын, асқақтатып әлемге, нық ұстайық байрағын!
  Жаңақорған аудандық білім бөлімі балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының ұйымдастыруында өткен облыстық слет аясында «Жас ұлан жаңа әлемде» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге аудан көлеміндегі мектептерден озық қолөнер бұйымдары қойылып, көрермен назарына ұсынылды. Орталықтағы №110 мектеп-лицейі акт залында өткен слет шымылдығын ашқан барабаншылар шеруінен соң аудандық Ұланбасыға №3 мектеп-интернаты, №56, №51, №110, №125, №169, №163 мектебі «Жас ұлан» бірлестігінің ұланбасылары рапорт берді. Содан соң «Жас ұлан» ұйымының Туын зал тік тұрып қарсы алды. «Жас ұлан» қатарына қабылданушы түлектер салтанатты түрде ант қабылдап, мойындарына галстук тағылып, төсбелгі табыс етілді.
  «Өз Отанымның патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, туған елімді, жерімді дәріптеуге, Отанымды мақтаныш етуге, ата-анамды қадірлеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға, табиғатты аялауға, «Жас ұлан» ержесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге, ағалардың даңқты ерлігі өнегесін жалғастыруға және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін».
  Жас ұландар егемен елдің көк байрағы астында осылай деп ант қабылдады.
  Жеткіншек өрен – туған жердің бір бөлшегі. Оның келешек тағдыры, танымы атамекенмен тығыз сабақтасып жатыр. Осы орайда аудан мектептерінің барлығында «Туған өлкем – тұнған шежіре» акциясы, «Менің елім – Қазақстан» этнографиялық ойын сайысы, рухани-өрлеу бағытында «Досыңа кітап сыйла», «Бабалар үні» акциясы, «Қазақтың 100 әні» фестивалі өткізілді. «Алтын ұя» жанұялар виртуалды апталығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» өнегесі насихатталып келеді.
  Слет аясында Жаңақорған ауданының 90 жылдығы мен Манап Көкеновтың туылғанына 90 жыл толуына арналған мерекелік концертте аудандық балалармен мәдени-тәрбие орталығының домбыра үйірмесі жетекшісі Гүлжазира Кембилованың жетекшілігімен домбырашылар оркестрі өнер көрсетті. Облыстық мүшайрада жеңімпаз атанған №229 мектептің оқушысы Дәулет Сұлтанғазы мен №166 мектептің оқушысы Мейірхан Жаңақорғанға және Манап Көкеновке арналған өз туындыларын оқыды.
  Шара соңында аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Оспанов пен орталық директоры Әлжан Ержанов оқуда, шығармашыл еңбек озат ұландарды «Алғыс хатпен» марапаттады.

Б.ҮСЕЙІНОВА.
07 желтоқсан 2018 ж. 1 854 0