№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сәт сапар, саған, жас түлек

Сәт сапар, саған, жас түлек




      25 мамыр. Бұл күні барлық білім ошақтарында соңғы қоңырау үні сыңғырлап өрендерді қызығы таусылып бітпейтін жайдары жаз күндеріне шақырады. Ал, мектеп бітіруші түлектер соңғы қоңырау үнімен тебіреніп, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя – мектептерімен қимай-қимай қоштасар сәт.  Соңғы қоңырау мерекесі аудан орталығындағы №163 орта мектебінде игі дәстүрден жаңылмай, биыл да салтанатты түрде аталып өтті.
    
      Сән-салтанаты келіскен білім ордасында 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына дарытқан жас түлектер алдында мектеп директоры Күләнда Жақыпбекова сөз алды. Мектеп басшысы осы оқу ордасының түлегі, Ақмола облысы Атбасар қаласында жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында топ жарған боксшы Олжас Мүтәнді чемпион атануымен құттықтады, басқа да салада озат мектеп оқушылары марапатталды. Кеш жүргізушілері салтанатты шараның мәртебелі қонақтары осы мектептің ардагер ұстазы, «Қамқорлық» кеңесінің төрағасы Ахмет Нахиповты, ата-аналар қауымдастығының төрағасы Жан Шайхсламды және білім бөлімінің әдіскері Маржан Егембердиеваны таныстырып өтті. Шақырылған қонақтар да өздерінің жүрек жарды жылы лебіздерін білдіріп, алда келе жатқан үлкен сынақтан сүрінбей, болашаққа деген сенімді нық қадаммен орындауларына тілектестіктерін білдірді.
     Мектеп бойынша биыл бітіруші түлектер саны 65 болса, соның 5-еуі «Үздік аттестатқа » үміткер екен. Іргелі білім ұясының басшысы мен ұстаздары он бір жылдық білімді саралайтын сынақта үмітіміз ақталады деген сенімде.
    Салтанатты шараның жалғасы 11 – сынып оқушысы Жансая Қыдырбаеваның әсерлі монологымен өрбіді. Мектепке алғаш қадам басып, өмірдің оң мен солын танып өскен саналы жастың аяулы ұстаздарына арнауы  көптің жүрегін елжіретті.
     Бітіруші түлектер сынып жетекшілері Зайра Тасқынқызына, Күләш Балғабаеваға, Жанар Сыздықоваға алғыстарын айтумен қатар, пән мұғалімдерін де ұмыт қалдырмады. Әсерлі кештің ұйытқысы бола білген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына арнайы алғыстарын жаудырды.
     Кеш аяғында күмбірлей жөнелген жез қоңыраудың үні жүректері лүпіл қағып, қимастық пен қуаныш сезімдері, жүздері бал-бұл жанған жас түлектердің мектеп вальсіне ұласты.
Лаура БИБАСАРОВА
 
                                                                                                                   
27 мамыр 2019 ж. 2 176 0