№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Нағыз байлық деген не?

Нағыз байлық деген не?


Күндердің күнінде бір кедей жалғызбасты ана емізулі баласын құшақтап үй аралап садақа сұрап жүреді. Сонда ананың алдында зәулім сарай үй кездеседі. Бір ақша берсе сол үй береді, деген үмітпен әлгі ана үйдің қақпасын қағады. Сонда қақпаның арғы жағынан үй егесі шығып анадан мән жайды сұрайды. Ананың мұқтаждығын естіген үй егесі оған: 

— Сенің қолыңда балаңда бағар қаражат жоқ. Оданда сол балаңды маған бер, мен саған орнына байлығымның жартысын беремін, дейді. Мұндай ұсынысты күтпеген кейуана дереу бас тартады. Сонда үй иесі оған қайта: 

— Жарайды, онда сен маған баланың бір қолын бер мен саған орнына байлығымның 3/1 бөлігін беремін, дейді. Кейуана бұған да келіспейді. Сонда тағы:

— Онда балаңның бір кіші саусағын бер мен саған дәулетімнің 4/1 бөлігін беремін дейді. Бұған да кейуана келіспей баласын құшағына қатты басады. Сонда үй егесі сөзін қорыта: 

— Көрдің бе?, саған қанша байлық ұсынсам да сен ойланбастан бас тарттың. Сен менен бай жансын. Себебі, менде жоқ перзент сенде бар. Ал, перзент деген ол біздің ешбір құнға сатып ала алмайтын барлық байлығымыз, деген екен. 


Жалғас АСХАТҰЛЫ 
дінтанушы.
09 қазан 2018 ж. 2 098 0