№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАУАПТЫ МАМАН

ЖАУАПТЫ МАМАН

Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы – оның уақтылы көрсетілуі, алдын алу шараларының, емдеу мен қайта қалпына келтірудің дұрыстығы арқылы белгіленсе, бұл компоненттердің сәтті жүзеге асырылуының негізі – медбикенің еңбегі, оның кәсіби шеберлігі болып табылады.




Бүгінгі күні медбике мамандардың әлеуметтік миссиясы ізгілік және мейірімділікпен ғана шектелмейді, олардың халық денсаулығын сақтауда, медициналық көмектің қолжетімділігі мен оңтайлылығын арттыруда маңызды орнымен белгіленеді. Қоғамның ең басты байлығы – адам денсаулығы десек, осы құндылықты сақтауда дәрігерлер мен медбикелердің еңбегі зор. Аудандық аурухананың терапия бөліміндегі Дүйсенкүл Асанқызы осындай ауыр міндетті толық сезіне алатын маман. Мұны оның әріптестері айтты.
Аудандық аурухананың терапия бөлімінің басшысы Ришад Жунусов:
Ақ халатты жандардың сенімді серігіне айналған медбикелердің жұмысы қашанда үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Дәрігер емінің нәтиже беруі де ең алдымен медбикенің ұқыптылығына байланысты.Дүйсенкүл де сондай қырағы маманның бірі. Ол жұмысына жауапкершілікпен қарап, науқастармен жақсы тіл табысады. Бүгінде бөлімдегі абыройлы да белсенді қызметкердің біріне айналды, – деді.
Науқасқа мейірмін төгуші мейірбекелердің мәртебесін арттыру қажет-ақ. Себебі, медбике науқастың денсаулығына дәрігерден кем жауап бермейді. Тамыр мен бұлшық етті дәл тауып, науқастың денесін жарақаттамай ине салудың өзіне үлкен ептілік керек.
– Былай қарағанда медбике қызметі аса қиын жұмыс тәрізді көрінбейді. Науқастарға уақытысында дәрі-дәрмегін беріп, ине салудың өзі үлкен шыдамдылықты қажет етеді. Өзім осы салада жүріп талай адамның алғысына бөлендім. Аллаға шүкір, еш өкінішім жоқ, – дейді терапия бөлімінің медбикесі Дүйсенкүл Асанқызы.
Біздің кейіпкеріміз 2007 жылы Алматы қаласындағы Онкологиялық диспансерде медбике болып қызмет жолын бастайды. Ал, 2014 жылдан аудандық аурухананың терапия бөлімінде қызметін жалғастырады.
Әр науқастың жағдайын жасап, уақытысында дәрі-дәрмегі мен екпелерін салып отыру Дүйсенкүлдің күнделікті жоспарлы жұмысы. Жастайынан аурухана жұмысының жауапкершілігі мен талапшылдығын ескерген мейірбеке қызмет барысында әр түрлі сырқат адамдар түсіп, солардың бәрінің көңілінен шығып, сауығуына септігін тигізу жолында еңбегі ерен. Бұл да болса терапия бөлімінің жұмысына қосқан үлесі, атқарған қызметінің жемісі деуге болады.
18 мамыр 2019 ж. 1 429 0