Қызылордада мемлекеттік қызметші күні аталып өтті
Қызылорда қаласында Н. Бекежанов атындағы облыстық музыкалық-драма театрында«23 маусым - Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне орай салтанатты шара өткізілді.
Биыл мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі 5-ші рет аталып өтіп жатса, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның құрылғанына 20 жыл толып отыр.
Салтанатты шара, еліміздің тәуелсіздік жылдары мемлекеттік қызмет саласында жеткен жетістіктері туралы арнайы дайындалған бейнероликтің көрсетілімінен басталды.
Мемлекеттік қызметшілерді төл мерекесімен құттықтау үшін алғы сөз облыс әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлына беріліп, осы саладағы елеулі үлестері үшін бірқатар қызметшілер облыс әкімінің Алғысымен марапатталды.
Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Айнаш Сейтжапбарова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісінің иегері атанды.
Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы «Біздің міндет - халыққа қызмет» деп билік пен халық арасында қызметте жүрген азаматтарды мейрамдарымен құттықтап, Агенттік Төрағасының «Құрмет грамотасымен» және «Алғысымен» марапаттады.
Салтанатты шара барысында тәуелсіздікке мадақтар айтылып, Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрі күй орындады.
«Өнерге әркімнің бар таласы» дегендей мерекелік шарада мемлекеттік қызметшілерде өз өнерлерін көрсетіп, әріптестерінің ыстық ықыласына бөленді.