№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Серт пен кепілдік

Серт пен кепілдік


  Баяғыда қолы қарулы жігіт бір кісіні абайсызда жазым етіп алады. Қайтыс болған кісінің балалары жиналып, қазыға барады. Казы: "Жазасы - жанға-жан, өлім үкімі" - дейді. Үкімге кесілген жігіттің соңғы сөзін тыңдайық деседі ел. Жігіт: "Жырақта тұрушы едім, дүниемді жанұяма табыстайын, еліммен, балаларыммен қоштасайын, қарыздарым бар еді, соны өтейін. Үш күн рұқсат берсеңіз» - дейді.
  Сол кезде қазы көпшілікке қарайды да: «Бұған кепіл болатын адам бар ма?» - дейді. Ешкім үндемейді. Себебі, бейтаныс жігіт алдап кетіп, келмей қойса, оған кепіл болушы жазалануы мүмкін. Тағы сұрайды. Бұл жолы да ешкім үндемейді.
  Сол кезде қарт сахаба Әбу Зар шығып: «Мен кепіл боламын. Оны танымаймын, бірақ, келмей қалса, жазасын өтеуге дайынмын» - дейді. Бәрі қатты таңқалысады.
  Үш күн үш сағаттай өтеді де, кетеді. Халық қайта жиналады. Жігіт жоқ. Адамның бәрі уәде беріп кеткен жігіттің жолына қарап тұр.       Бірақ ешкім көрінбейді.
  "Алдады-ау" деп сандарын соққалы тұрғанда, алыстан жігіттің қарасы көрінеді. Жүгіріп келеді екен. Сонда оның уәдесінде тұрғанына бәрі таң қалады. Ол болса: «Ауылым алыс болғаннан кешіктім, бәріне үлгердім, енді өлімге дайынмын» - дейді.
  Сонда қазы жігіттен: «Сен өлетініңді біле тұра осында келдің, неге қашып кетпедің?» - дейді. Ол: «Мен сертімде тұрмасам, кейін мұсылмандар арасында серт жойыла ма деп қорықтым, сол үшін келдім» - дейді. Қазы Әбу Зарға бұрылып: «Сен бұл адамды танымасаң да кепіл болдың, себебі не?" -дейді. Әбу ақсақал: «Кепілге адам шықпаса мұсылмандар арасында бауырмашылық әлсірей ме деп кепіл болдым» - дейді. Ал әкесі өлген балалар: «Егер біз кешірмесек, мұсылмандар арасында кешірімділік жойыла ма деп қорқамыз, сол себепті біз де кешірдік» - дейді.
   Міне, уәдеде тұру, бауырмал болу, кешірімді болу, мейірімді болу... бұлардың түбінде шүкір қылу тұрса керек... Əр адам барға шүкіршілік еткенде дүниеге мейірім шуағы жайылады екен.


Материал: Sharipa Sagintaevaның фейсбук парақшасынан
12 наурыз 2019 ж. 1 069 0