№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Электронды сот төрелігі және сот кабинетінің мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Электронды сот төрелігі және сот кабинетінің мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық азаматтарға арналған үкімет МК-да «Электронды сот төрелігі және сот кабинетінің мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға аудандық соттың жетекші маманы Р.Беркінбаев және аталған мекеме қызметкерлері  қатысты.
Аудандық соттың жетекші маманы Р.Беркінбаев өз баяндамасында «Сот кабинеті» электрондық сервисі жөніндегі мәліметтер келтірді. Инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері мен оларды пайдаланудың оң жақтары туралы айта отырып, электрондық жүйелер ақпараттарды жедел алумен, уақыт пен қаражатты үнемдеумен, сот төрелігіне қол жеткізуді оңайлатумен сипатталатынын көрсетті. Тәжірибе көрсеткендей, отандық сот төрелік жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу және кеңінен қолдану қағаз жұмысын азайтып, сот қызметкерлері мен азаматтар арасындағы процестік емес қарым-қатынастарды азайтып, сот төрелігін жүзеге асырудағы ашықтыққа қол жеткізетіне тоқталып өтті.
Сондай-ақ, ол мобильдік сот кабинетінің жағымды жақтарын, оның ішінде, аталған сервис арқылы сот жүйесіндегі жаңалықтармен танысу, онлайн түрінде тағайындалған сот отырысы туралы ақпараттар алу және «Сот кабинеті» веб-сервисі арқылы сот органдарына жолданған барлық құжаттарды қарап отыру мүмкіндіктері жөнінде айтып, соттағы электронды ақпараттық киоскіде жұмыс уақыты барысында сот жүйесіне қатысты ақпараттық бейнероликтер көрсетілетіні туралы айтып өтті.
Шараға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға Р.Беркінбаев толық және нақты жауаптарын беріп, «Сот кабинеті» сервисін қолдануды көрнекі түрде түсіндіріп өтті.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
16 мамыр 2019 ж. 867 0