№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гүл өсіре білеміз бе?

Гүл өсіре білеміз бе?



Гүл бизнесі әлемдегі бизнестің барлық түрлерінің алғашқы бестігінен орын алады. Екіншіден гүл бизнесі өнер сияқты, онымен айналысқан адам жан-жақты шабыт алады. Айналасына әдемі көңіл-күй, қуаныш сыйлайтын гүлмен жұмыс әркім үшін қымбат болса керек. Бұл бір жағынан бизнес, нәзіктікті жақсы көретін жандардың бизнесі.
Гүл бизнесі иесіне мол пайда әкелетін табыс көзі. Гүл сатушылардың пікіріне ден қойсақ, оның үстеме бағасы 300 пайызға дейін барады екен. Бұл үшін сервисті жоғары деңгейде ұстауға тырысу керек.
Гүл нарығы әсересе мереке қарсаңында қызу да қарқынды жүре бастайды.
Бұл күрделі, еңбекті көп қажет ететін, кейде тәуекелді, бірақ өте жақсы бизнес. Гүл бизнесіне оптимистік көзқараспен қарау керек.
Нарықта көп қаржысы болмағандар қала көшелерінің бойында шағын шатыр астында тұрып, гүл бизнесін жүргізе бастайды. Бірақ бұл жерде түсетін пайда гүл саудасымен енді ғана айналыса бастағандар төзім мен қажыр-қайратты серік еткенде айналасы екі-үш жыл көлемінде әжептеуір қаржы жинақтап, ірі коммерсантқа айналатынын гүл павильонын ашуға болады.


Бұнда мүмкіндіктер көп және көп қор сақтауға болады, гүл бизнесінен түсім пайда да жоғары.
Гүл салоны нашу үшін кем дегенде 50 шаршы метр алаң қажет болады, онда сауда залы мен шағын қойма орналасады.
Бұл жұмыстарды басында бір адам атқарғаны мен кейін феоритеті жұмысқа қабылдауға тура келеді. Олар тауарға байланысты сұрақтарды жетік білуі, оның күтімінің қарапайым дағдыларын меңгерген болуы керек. Бәсекеге осылай ғана төтеп беруге болады.
Гүл бизнесінде табысқа жеткісі келген адам осы жұмысқа толық берілуге дайын болуы керек. Ол қосымша жұмыс немесе ермек бола алмайды. Бұл барынша назар салуды талап ететін маңызды шығармашылық еңбек.


Тәжірибе көрсеткендей, гүл бизнесі жарты жылдың ішінде өзін өтейді. Кент көшелерінде тұрақты саланы бар түркістандық Жұлдыз азаматшамен әңгімелескенімізде ол былай деп әңгімелеп берді. – 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында 200 мың теңгеге гүл букеттерін әкеліп саудаға шығардым. Шығындалған қаржыны екі-үш есе ақтады. Бұл жерде раушан гүлдер ең сұранысқа ие. Ең күй талғамайтын және төзімділері бақыт гүл мен қалампыр екенін кәсіпті енді бастап жүргендерге кеңес еткім келеді, – дейді.
Елбасының кешегі халыққа арнаған Жолдауында халық табысының өсуі әркім өз кәсібін жақсы меңгергенде ғана мүмкін екенін айтты. Бұл жерде лайықты табуға бастайтын бизнес түрлеріне көп нәрсе тәуелді. Бұл жерде еңбекті көп қажет ететін, бірақ тәуекелді, табысты кәсіп – гүл бизнесін игілігіне икемдеу жаны гүлдей әрі алуан қырлы, әрі жарасымды.
16 мамыр 2019 ж. 1 362 0