№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тағзым арқауы аласармайды

Тағзым арқауы аласармайды

  Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкендерді еске алып, рухына тағзым ету, құрмет көрсету жылдағы игі дәстүр. Аққұмдықтар осы үрдістен биыл да жаңылмай атамекеннен аттанып, Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлестерінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен «Ер есімі - ел есінде» атты тағзым алаңын ашты.

  Майдан алаңындағы ерлер ерлі­гіне тағзым ету үшін келген ауыл тұрғындарына күннің аптап ыстығы да бөгет бола алмады. Керісінше, Жалпақ жұртқа қуанышты көңіл-күй сыйлаған жарқын мерекеде тәуелсіз еліміздің Әнұраны орындалып, сал­танатты шараның сәнін кіргізді. Осы­дан кейін «Жас қырандар» ұйымы көк байрақты қолға нық ұстап, салтанатты түрде сап түзеп өтті. Ұлы Отан соғысындағы батырлар ерлігін ұрпаққа үлгі ету мақсатында қаншама ер азаматтарымыз бен қыз-келіншектеріміздің өмірін жалмаған тебіреністі қойылыммен сахна түндігі түрілді. Ауыл қариясы Төлепберген Қожатаев: – Болашақ ұрпақтарымыз соғыс көрмесін, бейбітшілік заман, еліміз аман, жұртымыз тыныш бол­сын, – деп батырлар рухына құран бағыштап, жиналған көпшілік, отты ортадан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
  Ресми рәсімнен кейін сөз алған ауыл әкімі Бахтияр Тоқтыбаев: «Бар­ша жиылған қауымды Жеңіс күнімен қатар келген тағзым алаңы­ның ашылумен шын жүректен құт­тықтаймын. Алапат айқаста ба­тыр­ларымыздың жанкешті ерлігі кейінгі буын мына сіздерге үлгі болу керек. Осындай ел болашағы үшін қан кешіп, өз өмірлерін құрбан еткен бабаларымызды құрметтеу біздің қасиетті, абыройлы борышымыз», - деді ауыл әкімі Бахтияр Тоқтыбаев.
Сонымен қатар, Аққұм ауы­лының түлегі Керімхан Егізбаев та өз ле­бізін білдірді. Ол: «Жеңістің 74 ші көктемін мынадай ашық аспан ас­тында, бейбітшілік заманда қарсы алып тойлау үстіндеміз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды аманат еткен, етігімен қан кешіп, өз өмірлерін пида еткен батырларымыз ешқашанда ұмытылмақ емес. Осы орайда мына ауыл ортасында ашылғалы тұрған боздақтар есімі жазылған тағзым алаңы бәрімізге де құтты бола бергей» , - деген лебізін жеткізді.
Одан әрі осы тұлғалар қаты­суы­мен тағзым алаңының лен­тасы салтанаты түрде лентасы қиылды. Ашылу салтанатынан соң патриоттық рухтағы әндер шыр­қалып,отты жырдан шумақ ша­шыл­ды. Аспаннан оқ жауған 1418 күн мен түннің әрбір сағаты, мину­ты қауіпке толы болғанын, жеңістің оңай келмегенін келешек ұр­пақ еш ұмытпақ емес. Бізді осы тәуелсіз күнге жеткізген батыр ата-апаларымыздың ұрпағы, көпбалалы ана Мейрамкүл Құла­метова «Алтын алқа», Жұмакүл Юсупова мен Жан­на Ташимова «Күміс алқамен» марапатталды.
«Ер елсіз болмайды, ел ерсіз бол­майды» демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батыр­ларға арналған тағзым алаңының ашылуына себепші болған ауыл әкімшілігіне тұрғындар атынан май­дангер ұрпақтары Ерболат Нарым­бетов пен Абиба Зарипова өз алғыс­тарын білдірді.
Иә, зымыраған уақытқа көз ілес­пейді. Десек те майданда қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһар­мандық рухы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі өнеге болып қала бермек.

Лаура БИБАСАРОВА.
15 мамыр 2019 ж. 909 0