Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ЕРЛЕРГЕ МІНДЕТ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – ЕРЛЕРГЕ МІНДЕТ


Жыл өткен сайын майдан даласындағы жантүршігерлік ұрыстың ұшқыны ұмыт бола бастағанымен, батырлар рухы, олардың ерлігі ұрпақ санасынан мәңгі өлмейді. Иә, келер ұрпақтың келешегі үшін күрескен батыр бабалардың әруағына Құран бағыштап, көзі тірі қаһармандарына құрмет көрсету әрбір жанның азаматтық парызы. Осындай мақсатта аудандағы мекемелер мен қатар өндіріс ошақтары да жылда соғыс ардагерлеріне тағзым жасап тұрады. Соның бірі – «СКЗ-U» ЖШС ерекше айтуға болады.


Ұлы майданның аяқталғанына биыл 74 жыл. Мейрам қарсаңында қарияларды қадірлеп, олардың ерлік жолын дәріптеп, қал-жағдайын білмекке зауыттың бас директоры, облыстық мәслихаттың де­пу­­таты Мәдіхан Бекжановтың өзі жол бас­тады. Зауыттың қауырт жұмыстан бір сәт уақыт тауып, отты жылдарда от пен оқтың ортасында жүрген 4 ардагердің батасын алып қайтты. Алдымен, кентте тұратын Махметжан Сапарбаевтың шаңырағына бас сұқты. Төсекке таңылған қарияның қолынан ұстап, алғысын жеткізді. Өкініштісі сол, көп ұзамай 96 жасқа қадам басқан абыз ардагер мәңгілік мекеніне аттанды.
Иә, әрдайым елдегі жаңалықтарға елең­деп, қашанда ақыл-кеңесін айтып отыратын Махметжан Сапарбаев келместің желкеніне мініп, фәниден жырақтады. Оның артында ұрпағы мен ерлігіне тағзым етер елі қалды. Атамызға Жаратқан өзі жар болсын...
Одан кейін, зауыт басшысы Шай­мерден Сүйіндіков, Нұрман Асановтың, Найманбай Құрмановтың шаңырағына барды.
– Уақыт көші жаңа буынды алмас­тырғанымен, тарих мәңгі таңба болып басы­лып қалатын құжат. Иә, ұлы майданның аяқталғанына биыл 74 жыл толды. Осынадай бейбіт заманның бейнесіне куә болуда осы ардагерлердің еңбегі ерен. Зұлмат соғыс жылдары қайсарлықтың үлгісін көрсете білген майдангерлердің есімін ұлықтап, әрдайым тағзым жасап отыру біздің басты міндетіміз. Сондықтан, жыл сайын олардың саны азайса да, ерліктері мен есімдері санамызда жаңғырып тұрады, – деді мекеме басшысы.
Әлі де тың көрінген Найманбай Құр­банов арнайылап келген мекеме директорына алғысын жеткізді.
– Өткен жыл өтті, енді ол күндер қайта оралмасын. Тек осы бейбітшілік заманда біздің қазіргі және келер ұрпағымыз ынтымақты күндердің куәсі болып жүре берсін. Біздің тілек тек ел тыныш болсын. Шүкір, қазір ел өркендеп келеді, халықтың әлеуметтік жағдайы түзеліп, экономикамыз өсуде. Сондықтан, тек елге адал қызмет ете біліңдер, – деді майдангердің тілегін соғыс ардагері Шаймерден Сүйіндіков әуезді әнімен жалғады.
Иә, тарихта екінші дүниежүзілік соғыс деп таңба болып басылған зұлмат жылдарда Отан үшін қан төккен батырларының ендігі арманы ұрпағы бейбіт күнде емін-еркін өмір сүрсе дейді. «Біз көргенді жастар көрмесін» деп отыратын осындай ардагерлердің қатары да сиреп барады. Ең бастысы, елде татулық орнап, егемендіктің туы мәңгі желбірей бергенін тілейді.
– Ұлы Отан соғысы ардагерлерін аялау, ерлігін құрметтеу барша азаматтың парызы. Біздің зауыт әлеуметтік мәселелерде белсенділігін көрсетіп, халыққа шынайы қамқорлығын көрсетуді басты мақсат деп санайды. Қолдан келгенінше халықшыл бастамаларды қуаттаймыз, – деді зауыт директорының орынбасары Сәулебек Дүйсебеков.
Айта кететіні, «СКЗ-U» ЖШС аудандағы әрбір ардагерге және мекемеде еңбек ететін Ауған соғысы мен Семей полигонында болған Т.Әбжаппаров пен Қ.Ахметовқа да қаржылай көмек көрсетті.

Әли ТЕМІРБЕК.

07 мамыр 2019 ж. 1 135 0