№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ғалымбек Жақсылықов: «Хан-Тәңірі» - Елбасының бізге берген ең жоғары бағасы»

Ғалымбек Жақсылықов: «Хан-Тәңірі» - Елбасының бізге берген ең жоғары бағасы»

   Өздеріңізге белгілі, күні кеше Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір өтті. Аталмыш телекөпірде біздің облысымызда жылына 1 млн тонна өнім шығару қабілеті бар цемент зауыт іске қосылды.


    Бұл ауқымды шара аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президенттің «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарын тапсыру, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырды.
Аталмыш шараларда біздің Сыр кәсіпкерлері жеңіс тұғырынан көрініп, үздіктердің сапынан орын алды. Нақтырақ айтқанда:
   - «Қазақстанның үздік тауары – 2018» республикалық көрме-байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясы бойынша біздің «Далатекс» ЖШС жеңімпаз атанды.
    - Мемлекет басшысының «Парыз – 2018» сыйлығының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «СКЗ - U» ЖШС КҮМІС жүлдеге ие болды.
   - «Парыз – 2018» сыйлығының «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «РУ-6» мекемесі ҚОЛА жүлдемен марапатталды.
    Бұл айтулы күндегі ең үлкен марапат – біздің облысқа берілді. Қызылорда облысы «Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған үздік өңір» ретінде танылып, Елбасы аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлына «Хан-Тәңірі» сыйлығын табыс етті.   
Мемлекет басшысынан алынған мұндай жоғары бағаның артында өңір басшысы бастаған азаматтардың, салаға жауапты мамандардың уақытпен санаспай жасаған өлшеусіз еңбегі, маңдай тері жатыр.
    Облыста кәсіпкерлік саласын дамыту сөз күйінде айтылмай, іспен дәлелденді. Жыл басында аймақ басшысы биылғы жылды облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Бұл бастама кейін үшжылдыққа ұзартылды. Аталмыш бастама аясында  өңірде 65-тармақтан тұратын кешенді «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасы» қабылданды.
   Жол картасына салаға қатысты негізгі бағдарламалар енгізіліп, қаржыландырудың барлық көздерінен 32 млрд.86 млн.теңге тартылды. Соның ішінде, «Стартап» жобалардың өзіне 3 млрд.теңгеден астам қаржы қарастырылды.   
     Саланы дамыту үшін қабылданған шешімдер мен бөлінген қаржы алғашқы нәтижелерін де бере бастады.
Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қарашасында өңірде 51 956 шағын және орта бизнес субьектісі тіркелген, оның ішінде 42 066 жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12,7 пайызды құрады. Бұл - республикада ең жақсы көрсеткіш.
   Міне, жылды қорытындылар сәтте Ұлт Көшбасшысы табыстаған марапат Сыр азаматтарының, кәсіпкерлерінің осындай еселі еңбегіне беріліп отырған жоғары баға деп білемін.
    Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытуға жағымды жағдай қалыптастыру мен кәсіпкерлердің мүддесін қорғау бойынша жұмысын алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Аймағымызда кәсіпкерлікті дамытуға қатысты баршаңызды бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.

Ғалымбек Жақсылықов,
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.  
13 желтоқсан 2018 ж. 1 095 0