» » Бетіңіз әппақ болсын десеңіз...

Бетіңіз әппақ болсын десеңіз...

Көптеген қыз-келіншектер жаратылысы сұлулыққа құмар болғандықтан, бет, шаш, дене күтіміне баса назар аударып жатады. Әсіресе, бетіне шыққан безеулер мен дақтардан, қара нүктелерден ұялатындар көп. Бағалы фирмалық косметикалардың  түр-түрін пайдаланса да кетіре алмай жүргендер жоқ емес. Бірақ, енді мұның бәрінің шешімі бар. Ол – тек қана табиғи өсімдік, табиғи заттардан жасалған маскалар. Мәселен, сүт айран сынды ағарған түрлері бетті ағайртып, нәрлендіруге таптырмас құрал.


Мәселен, ақжелкен шөбі де бетті керемет ағартады. Ол үшін таза беткен шөпті әбден ұсақтап, езіп жағу керек. Бірнеше минуттан сон, жылы сумен жуып, кремдер жағып қоюға болады.
Лимон – бет күтіміне таптырмас құрал. Беттегі қара нүктені кетіріп, тоник ретінде сүртіп, тазартып жүру үшін лимонның сыртын өте баяу ота қайнатып, тұндырып қою керек. Дайын болғаннан соң, бетті сүртіп жүруге болады.

Сондай-ақ, сұлулықтың сыры аталып кеткен киви жемісін алма езбесіне қосып, 1 қасық қаймақпен аралстырып, маска жасауға болады. Одан соң, бетті жылы сумен жуып, сүлгімен сүртпеу керек. 
             Дайындаған Ханзада ДОШАН.
11 мамыр 2019 ж. 813 0