№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аналар үшін қажетті ақпар!

Аналар үшін қажетті ақпар!




Бала – бауыр етің. Жаным – арымның, арым – малымның садағасы дейтін қазақпыз. Баласы үшін барын беруге даяр ана перзентімен бірге ауырып, жүрегі сыздайтыны да бұлтартпас шындық. Әсіресе, өмірге енді келген мейірімге мұқтаж, қорғансыз періштенің іңгәлаған дауысы ана бейбақтың жүрегін сыздатып, көкірегін кернейді. Осы үшін де өзін әлемдегі ең бақытты жан сезінетін Аналар қауымына баладан асқан бақ жоқ шығар сірә!
Бұл – аналық бақыттың дәмін сезген адамның анасы үшін таныс жағдай. Бірақта, бақыттың бағасын білмей, бейкүнә періштеге қорлық көрсетіп жатқандар да жоқ емес. Ондайларды теледидар, интернет сынды байланыс құралдарынан көріп те, естіп те жүрміз. Өкініштісі сол, мұндай өнегелі өсиетке олар оңайлықпен иланбайды. Бүгінгідей алмағайып заманда біреудің ақылын тыңдап, айтқанын істеу оңай дүние емес. Бірақта, сондай ана атын жамылған кейбіреулер үшін бүгіннің бағасын қазірден білген жөн сияқты. Себебі, сайып келгенде, бәрінің де – Алла алдында сұрауы бар.



Сонымен, аналар үшін қажетті ақпарлар тізбегін ұсынсақ:
  • Бала жақсы болса да, жаман болса да өзімізден. Оны кінәлаудың орнына өзіңізді кінәлаңыз. Ашуланып, қатты ұрып-соғудың орнына «өзім кінәлі» деп 10 рет қайталаңыз.
  • Иттің баласы, жүгермек деген жаман сөздерді айтпаңыз. Осындай сөзді естіп өскен бала ертеңгі күні өз-өзіне жеккөрініш сезімімен қарайтын болады.
  • Ешқашан баланы жұртқа қызықтырып, жәутеңдетпеңіз! Өмірге алып келген соң, ешкімнен кем қылмай асырау – ата-ананың міндеті. Алайда, бардың бағасын білуге үйреткен жөн, ысырапшылдыққа емес.
  • Тәртібі мен білімі баса назарда болсын. Баланың қандай деңгейге жетуі балабақшадан-ақ белгілі. Болатын бала бесіктен демекші, кішкентайынан ілім-білімге құмар болып тұрады.
  • Көп ұрып-соғу бала психологиясының бұзылуына соқтырады. Кекетіп, өзгеден төмен санап, баланың деңгейін түсіру – өмірге қызықпауға, алға ұмтылмауға жетелейді.
Бала тәрбиелеудегі ата-ананың қызметі зор. Ендеше, балам болашақ елдің тұтқасын ұстасын десеңіз, әр қылығына балабақшадан мән бергеніңіз абзал.
Дайындаған  Ханзада ТӨРЕХАН.
06 мамыр 2019 ж. 1 562 0