» » Асар жасаудың тиімділігі

Асар жасаудың тиімділігі



Биыл «Жастар» жылы. Ендеше бұрын дәстүрге айналған, қазір жоғалып бара жатқан Асар әдісінің қайта пайдалануға болады. Бұрын Асар жасау, бір адамға қиындық келтіретін жұмыстарға жасалатын.
Мәселен, үй салу, қой қырқу, егін ору, шөп шабу секілді қауырт жұмыстар. Үй иесінің туыстарын, ауылдастарын шақырып ұжымдаса бірлесе қимылдауын «асар жасау» деп айтады. Оның бір атауы –үме. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмыстарына ақы алмайды.
Мәселен, өткен аптада Бірліктің жастары бүкіл ауылдың ырысы болған Көлтоғанның жоғарғы жағындағы үлкен ауқымдағы шабындыққа арықты бірлесіп, Асар әдісімен қазып шықты.   Қырық жылдан бері су ішпеген өңірге Ақүйік өзенінің төменгі жағындағы Терісарық арқылы шабындыққа су жіберіп, игілікті істі атқарды.   Жастардың ауызбіршілігі бұрынғыдан күшейіп келе жатыр. Алдағы уақытта мәселен, үй салуға мүмкіндігі жоқ жас құрылыс материалдарын барынша мол, жеткілікті етіп алып, құрдастары мен туыстарын шақырып «Асар әдісімен» тұрғызып алса болады.
Бұрын Кеңес Одағы тұсында бұл әдіс өзінің өміршеңдігімен танылған болатын.
15 сәуір 2019 ж. 1 467 0