№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Түнгі сот» жобасы аясында әкімшілік іс қаралды

«Түнгі сот» жобасы аясында әкімшілік іс қаралды


         «Түнгі сот» пилоттық жобасының басты артықшылығы - азаматтардың уақытын, тіпті олардың жеке қаражаттарын үнемдеу, істерді қарау мерзімін қысқарту, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру.
         Жаңақорған аудандық сотында «Түнгі сот» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 610-бабының 1-бөлігімен азамат С., қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес азамат С., 2018 жылғы 31 желтоқсан күні жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып, өзінің басқаруындағы «Mercedes-Benz» үлгісіндегі автокөлігімен Жаңақорған кенті, Сапарбеков көшесінің бойында келе жатып, автокөлігін басқаруына ие бола алмай, Сапарбеков көшесінде орналасқан жәбірленуші Т., үйінің темір қоршауына соғып, нәтижесінде оған мүліктік зиян келтірген.  
Сотта азамат  С., кінәсін толық мойындап, істегеніне өкінетінін, алдағы уақытта қайталамайтынын, келтірілген залалды өтегенін, ал жәбірленуші Т., келтірілген залалдың толық өтелгенін, құқық бұзушыға қояр талап-тілектері жоқ екенін, көрсетті.
         Аудандық соттың қаулысымен азамат С., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК 48 100 теңге айыппұл мөлшерін 30 пайызға қысқартып, 33 670теңге айыппұл салынды.

         Ақпарат: Жаақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
02 ақпан 2019 ж. 1 086 0