№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕР ТАРИХЫ – ЕЛ ТАРИХЫ

ЖЕР ТАРИХЫ – ЕЛ ТАРИХЫ

  Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу қазақ халқының әлмисақтан жалғасқан салты. Тұңғыш Президент «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрді жаңғыртып, туған жерге қамқорлық көрсетуді, қадірлеуді ұсынды. Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білуден басталатыны рас. Сондықтан ғасырлардың үнін, ата-бабаның жолын бойына жасырған Қаратау тауындағы 85 шақырымға созылған, жылдық ағысы 170 млн. текше метрді құрайтын Бесарық өзені және онда жайлаған жұрт жайлы тарқата жазсақ.

   Алдымен өзен неге «Беса­рық» деп аталғанын анықтап алсақ. Өзен қай заманда пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бір анығы бес өзеннің қосылуынан пайда болғаны. Бесарыққа бірігетін өзендердің немесе арықтардың әрқайсысы бірнеше бұлақтан бастау алады. Енді ретімен осы өзендерге тоқталсақ. Бірінші Егізқара өзені. Одан кейін Қарынжарық, Үш айрық, Еспе және Талды су өзенінен құрылады. Бұл бастауларды өзен деп айтуы­мыздың мәнісі бастауын 25-30 шақырымдай жерден алып, Қоспа деген жерде бес өзен бірігіп, Бесарық өзені баста­лады. Ілгері замандарда тау өзендерінің суы мол бол­ғандықтан Сырдария өзеніне құйған екен. Тіпті, көктемде тасып, бірталай уақыт өткел бермейтін болған. 1974 жылы Бесарық тоғаны (плотинасы) салынып, өзен суы толықтай реттелді.
Ендігі бір назар аударатын нәрсе, Ноғай ата ұрпақтары Бесарық өзенінің бойына қашан және қалай орналасқаны жай­лы. Қаратудың күнгейі мен Сыр бойын ХVІІ-ХVІІІ ғасырда қарақалпақ ағайындар жайлағаны тарихтан белгілі. Қара­шық өзенінен бастап сонау Сырдың құярлығына дейін қарақалпақ отырған. Қарақалпақтар бұл жерлерге 1635 жылдары, олардың бұрынғы отырған жерлері, Еділ мен Жайық арасын 1630 жылдары Батыр қоңтайшы ұйымдастырған Жоңғар хандығының құрамынан Батырмен келіспей қалып, бөлі­не көшкен қалмақтар (Атақты Хо Өрлік тайшының бастауымен келген қалмақтар) басып алғаннан соң амалсыз ығысып келген. Сол кездегі қазақ хандарымен мәміле жасап, осы айтылып отырған жерлерге орналасқан. Бұл тарихи дәлелі бар деректер. ХVІІІ ғасырда қарақалпақтардың Арал теңізінің маңайына ысырылғаны тарихи шындық (Әбілхайыр ханның шабуылы). Ноғай ұрпақтарының Бесарық өзенінің бойына қоныс­тануы жайлы әртүрлі нұсқада деректер кездеседі. Сол дерек­тердің барлығында дерлік басты тұлға Баян шешеміз болып шығады. Тарихи деректерге қарағанда, Баянның ауылы Сыр бойында Ақжар деген жерде отырады (Бұл жер Талап совхозы болып тұрған кездегі шошқа қораның маңайы). Бір күні тоғайдан бір жылаған баланың даусы шығады. Барса бір жас бала тоғай ішінде жылап тұрады. Ол баланы ауылға әкеліп, Баян шешеміз асырайды. Тоғайдан табылған бала болғандықтан атын «Тоғай» қойыпты. Бұл бала Қарақалпақтың биінің баласы екен. Оның әкесі қайтыс болып кетеді де билікке келген әулет баланың көзін құртатын болғандықтан оның жанашырлары баланы құтқарып қалу үшін қазақтардың арасына әкеліп тастаған дейді. Баланы бақылап жүретін арнайы бір адам қалдырады. Ол адам баланы аман-есен Баянның қолына жеткізеді. Біршама уақыт өткенде қарақалпақтан кісілер келіп, жай-жапсарды түсіндіріп, азаматты бала-шағасымен елде­ріне әкетеді-мыс. Тоғай баласы еліне барғаннан соң көп ұзамай қарақалпақтарға басшы болады. Сөйтіп өзін бағып-қаққан Баян­ды қонаққа шақырады. Баян шешеміз тарту таралғымен бара­ды. Сол баланың арала­суымен Баян шешемізге сол кездегі Түркістан атырабын билейтін басшының мөрі басылып, Бесарықтың жері арнайы құжат арқылы меншіктеліп берілген екен дейді. Ноғайлар Бесарыққа орналасқаннан кейін киікшінің екі баласы Шегір қосылады. «Ноғай-Шегір» деген тіркестің шығу тарихы осындай. Ел-қауым көбейіп, мал-жанның басы артқаннан кейін Баян шешеміз Өтеп пен Өтеске бір құлақ, Елдек пен Бөрібайға бір құлақ, Олжабай Тоқасқа бір құлақ, Шеруші мен Шақанға бір құлақ, Есей мен Төлегенге бір құлақ бөліп берген дейді көне дереккөздері.
Басталуы бес арық болып басталған бұл өзеннің аяқталар тұсында тағы да беске бөлінуі адамды таңдандырады. Бесарық өзенінің бойында Таңбалы тас, Кітан ұшқан және т.б. тарихи орындар бар. Оған өзен бойындағы қайталанбас сұлу табиғатты қосыңыз. Осындай артықшылықтардан болар жаз мезгілінде өзен бойында демалушылар қатары көп бола­ды...

Абибулла ШЕР.
09 сәуір 2019 ж. 1 523 0