№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандық балаларды ирландықтар көптеп асырап алуда

Қазақстандық балаларды ирландықтар көптеп асырап алуда

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ирландия еуропалық мемлекеттердің арасында Қазақстаннан балаларды асырап алу жөнінде бірінші орында тұр. Бүгінде бұл елде 150 қазақстандық бала бар.
Бала асырап алу бағдарламасы 15 жыл бұрын өз жұмысын бастады. Мұнда жыл сайыніс-шаралар өткізіледі, бала асырап алушы отбасылар жиналып, жаңалықтарын бөліседі, деп хабарлайды stan.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті.

«Жергілікті қазақтар мұнда ұлттық тағамдарды дайындауға үйретеді, біз олармен үнемі байланыста боламыз, қазақ тілін үйренеміз, кітап сатып аламыз. Менің ұлым Санжар аң аулаумен айналысады. Мұның соңы қалай болатынын әзірге елестете де алмаймын», - дейді берген сұхбатында Санжар-Корормаканың анасы Пола Найланд.
Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде дипломаттар бала асырап алған балалардың тарихи отанымен тұрақты мәдени байланыстарын қолдаудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Дипломатиялық өкілдіктің өкілдері осындай кездесулерді ұйымдастыруға, сондай-ақ балаларды Қазақстанға сапарға шығаруға барлық қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Дублинде қазақ диаспорасы ұйымдастырған еліміздің елшілігімен ұйымдастырылған кездесуде балалар құрдастарымен сөйлесіп, Қазақстан туралы көбірек білді.
08 сәуір 2019 ж. 784 0