№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

№85 (8796) 25

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мүгедек бала асырап отырған ата-аналар жәрдемақысы 30 пайызға артады

Мүгедек бала асырап отырған ата-аналар жәрдемақысы 30 пайызға артады

  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
Ðүгедек бала аÑÑÑап оÑÑÑÒан аÑа-Ð°Ð½Ð°Ð»Ð°Ñ Ð¶ÓÑдемаÒÑÑÑ 30 пайÑзÒа аÑÑадÑ

   «Үкіметке мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырамын. Біздің есебімізге сәйкес, осының арқасында 100 мың адамның жәрдемақысы өседі. Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңгені бөліп беруіміз керек», - деді Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде.

  Президенттің айтуынша, еңбекке жарамды азаматтарды жұмысқа тарту қажет. Бүгінде үйде отырып та табыс табуға болады.

  «Жергілікті бюджет есебінен де көмек беруді күшейту керек. Ондай мүмкіндіктер бар. Қаржыны үнемдеп, қажет жерге жұмсау қажет. Өткен жылы жергілікті бюджеттердің есебінен 135 миллирд теңге көмек берілді. Осындай көмекті жалғастыру қажет», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

  Айта кетейік, биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін республика бойынша 1 миллионнан астам адамға партия билеттері табысталды. Ұйымға мүше азаматтардың 62 пайызы - әйелдер. Ал 29-40 жас аралығындағы мүшелердің саны 27 пайызды құрайды.

27 ақпан 2019 ж. 752 0