№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандық оқушылардың оқулықтарының салмағы қандай болуы тиіс

Қазақстандық оқушылардың оқулықтарының салмағы қандай болуы тиіс

«Оқулық» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова қазақстандық оқушылардың оқулықтарының салмағы қандай болуы керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы" газеті.
Бейбіткүл Кәрімованың сөзінше, Білім және ғылым министрлігі оқулықтардың салмағына қатысты шектеулер белгілеген.
«ҚР БҒМ бастамасы бойынша күнделікті оқу комплектісінің салмағына қатысты шектеулер белгіленген. Ол үшін 2018 жылдың қыркүйек айында «Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлық ережелеріне өзгерістер енгізілген», - дейді Кәрімова.
Енгізілген толықтыруларға сәйкес, күнделікті оқу комплектісінің салмағы (ОӘК, оқулықтар, қажетті оқу-жазу құралдары):
1-3 сыныптардың оқушылары үшін – 1,5-2 келіден;
4-5 сыныптардың оқушылары үшін – 2-2,5 келіден;
6-7 сыныптардың оқушылары үшін – 3-3,5 келіден;
8-11(12) сыныптардың оқушылары үшін – 4-4,5 келіден аспауы тиіс.
Орталық директорының айтуынша, 2018 жылы шығарылған 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен ОӘК көрсетілген нормаға сай келеді.
30 наурыз 2019 ж. 917 0