Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » РУХАНИЯТ – ҰЛТТЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

РУХАНИЯТ – ҰЛТТЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Рухани жаңару» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 20-24 тамыз аралығында Жаңақорған, Шалқия кенттері, Сунақата, Келінтөбе, Қожакент, Бесарық, Төменарық, Ақүйік, Сүттіқұдық, Жаңарық  ауылдарында ауыл тұрғындарымен  «Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият» тақырыбында кездесулер өткізілді.
Тұрғындарға ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы, әлемдегі және еліміздегі діни экстремизмнің қауіп қатерлері мен дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға, жастарға тигізер зияны мен зардабы, интернет ресурстарындағы түрлі діни бағыттағы сайттар мен әлеуметтік желілерден сақ болу қажеттігі және де деструктивті діни ағымдарға қарсы бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
29 тамыз 2018 ж. 1 047 0