№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жауһар өнер жүз жылда да жұтамайды

Жауһар өнер жүз жылда да жұтамайды

  Жаһандану заманының желкенімен күнбе-күн жаңалықтарға қауышып, қабылдап үлгере алмай жатсақ та жадымыздың бір түкпірінде төл өнерімізге деген ессіз құштарлық бүр жарып, жауһар мұраларымызға жақындай түскіміз келетіні де жасырын емес. Бұл бірақ ешқандай жазғыруға тұрмайтын, қайта әрбір жаратылыстың маңдайына жазылған өмірдің заңдылығы шығар.
 
  Қолөнері – атадан балаға берілетін киелі мұра. Оған деген сұраныс күннен күнге артып келе жатқаны қуанарлық жайт.
Жаңақорған кентіндегі Манап Көкенов атамыз атындағы көше бойында орналасқан осындай қолөнері кәсіпшілігінің иесі Шолпан құрбымыздың осы іске шыңдап бет бұрғанына он бес – жиырма жылдың жүзі ауыпты. Мек­тептен соң Күйбышев қаласындағы политехникумның байланыс бөлімін тәмамдаған қаракөз еңбек жолын "Каз­­­пошта" мекемесінде бастайды. Тоқ­саныншы жылдардан кейінгі оңтай­лан­дыру кезінде қысқартуға ұшырады. Бірақ қолды қусырып қарап отыра алмады. Анасы Қыдыркүлдің өздерін бала жастан қолөнеріне баулыған қажырлы бейнеті бос кетпеді. Анасынан көргені, үйренгені, көңілге тоқығаны аз емес екен. Жүн иіріп, текемет басу, ешкінің қылынан киіз үй жабдықтары, кереге, уық, басқұр өріп, сырмақ, алаша тоқитын ісмерлік аумай-төкпей перзентінің бойына дарыпты.
Енді ол өзі бойындағы осы қабілетін өз қыздары бойына қалыптастыруға ты­рысып, барынша тер төгіп келеді.
  – Төл өнердің төркіні тұрмысқа бағыт­талғанымен де оның мән-мазмұны ұлт­тық салт-дәстүрімізге қарай құлпыра түсетін сыңайлы, – дейді шебер бізбен әңгі­месінде. Мәселен, қыз жасауы, тұсау кесерге, сүндет тойға байланысты жаб­дықтарды тіккенде осы кескін-келбет керемет айшықтала түседі.
  Бәрінде де қазақтың ұлттық ою-өрнегі тамырлы үндестігінен ажырамай, табиғи болмысымызды бекемдей түсетін тәрізді. Елдің көпшілігі соның мәйегіне бет бұрып, қолөнеріне деген сұраныс арта бастады. Ал біздің міндетіміз – әлеуметтің қажетін қанағаттандыру, – дейді ол.
Десе – дегендей, он саусағыан өнер тамған ісмер құрбымыздың қолынан шыққан неше түрлі бұйым айнала көз тартады. Ою-өрнекпен әдіптелген көрпеше-жастық, сырмақ, қоржын, кі­лем­шеден бөлек шілдеханаға, тұсау ке­сер, сүндет той, қыз ұзату, бесікке салу сынды халықтық салт-дәстүрге сай өте­тін қызықшылық шараларға арналған жасау-жабдықтар әсем безендірілуімен көз тартады. Әрқайсысына жұмсалатын материалдың сапасына қарай құны да белгіленіп қойылған.
Қарапайым көпшілікке қолжетімді тауар­дың қайсысын алсаң да төзімді, табиғи қалпымен көзге жақын, көңілге жылы­ұшырайды.
Шолпан соңғы кездері қыз-келін­шек­терге арнап сәнді көйлек тігуді қолға алыпты. Сонымен қатар киімдерді тарылту, қысқарту сынды қайта өңдеуді де шебер меңгеріп алды. Осындай қажеттілік туғанда Шолпан кез-кел­геніңіздің жәрдеміңізге әзір дегіміз келеді.
Қолы өнерліден құт арылмасы рас. Байда бар болмыс баяуын тірек етіп, қадірлі кәсібін аяғынан тік тұрғызған замандасымызға еңбегіңнің тек жемісін көр, ұлттық өнеріміздің өрісін кеңейтудегі барша мақсат тілегің тек оңынан бола берсін деген ізгі тілегімізді жеткізгіміз келеді.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
21 наурыз 2019 ж. 713 0