№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 24 баланы дүниеге әкелген батыр ана

24 баланы дүниеге әкелген батыр ана

Алтын құрсақты ана бір рет үшем, екі рет егіз босанған.
âÐеÑÑÑайда 24 Ð±Ð°Ð»Ð°Ð½Ñ Ð´Ò¯Ð½Ð¸ÐµÐ³Ðµ Óкелген баÑÑÑ Ð°Ð½Ð° ÑÒ±ÑадѠ Жетісай ауданының Қараөзек елдімекенінде тұратын көп балалы батыр ана Сапаркүл Әбутәліпова еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асуларына тілеулес жан. Саналы ғұмырында ел ертеңі үшін аянбай еңбек ете жүріп өмірге келтірген 24 перзентінен бүгінде 60-қа тарта немере мен 10-ға жуық шөбере сүйіп отыр, деп хабарлайды осы өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

    Сапаркүл Әбутәліпова 1947-жылы Мақтарал ауданында дүниеге келген. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қадірлі қария.
1970-жылы Қараөзек совхозының құрылуына атсалысқан ол отағасы Жоламан екеуі совхоздың малын бағып еңбек еткен. Бүгінде 24 құрсақ көтеріп 60-қа тарта немере мен 10-ға жуық шөберенің қызығына батып отыр. Бір рет үшемдерді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген батыр ана алғаш «Батыр ана» медалін 1979-жылы 17-ші перзентін дүниеге әкелгенде алыпты. Ал, екінші «Алтын алқасы» тәуелсіздік таңы атқан соң тағылыпты омырауына.

«Мына мен 1970-жылдан бері қарай мал шаруашылығымен айналысам. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істегем. Біреуіміз далада, біреуіміз үйде. Сөйтіп жүріп 24 перзентті дүниеге әкелдім», - дейді батыр ана. Елбасының жастарға, аграрлық секторға, кәсіпкерлерге жасаған қамқорлығының арқасында Сапаркүл апайдың перзентерінің бәрі өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, нәсіптерін тауып жүр.



21 қараша 2018 ж. 1 435 0