№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БИБІСАРА – БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

БИБІСАРА – БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ


Біз айтқалы отырған «батыр» соғыста ерлік көрсеткен жоқ, Олимпиада ойындарының шыңын бағындырған да жоқ. Алайда, Бибісараны «батыр» деуге негіз бар. Неге дейсіз ғой?! Себебі, сананы нарық билеп, отағасымен бірге отанасы да қаржы табу қамына көшті. Одан кейін екі-үш, ары кетсе төрт баламен шектелу дәстүрі қалыптасты. Осылайша қазақтың табиғи өсімі аздап саябырсығаны шақта, бибісара сегіз рет құрсақ көтеріп, ұл-қыздарына тәлімді тәрбие, саналы білім беріп отыр.
Түгіскен ауылының тұрғыны Бибісара Урайраева 1983 жылы туылды. Жиырма жасында тұрмысқа шығып, тұңғышын дүниеге алып келеді. Бүгінде үлкені Жанат 9-сыныпта білім алады. Ал, Диасы 7-сыныпта, Ләззаты 6-сыныпта оқиды. Олжасы мен Инабат бастауыш сыныпта білімін тереңдетуде. Дінмұхаммед даярлық сыныбында әріп танып жүрсе, Құдіретәли мен Медина ата-анасынан тәлім алуда.
«Алтын алқа» төсбелгісін омырауына таққан Бибісарамен жүздескенімізде:
– Қазақта «бір қозы туылса, бір жусан артық шығады», дейтін тәмсіл бар. Әр баланың өз несібесі болады. Тек балаларыма жақсы тәрбие, сапалы білім берсек, өмірден өз орындарын табады деп ойлаймын, – деп ағынан жарылды.
Адам бойындағы нәзік, мейірімділік сезімдері отбасында қалыптасады. Ал, көпбалалы отбасында өскен ұл-қыз бауырмал, еңбекқор, қанағатшыл, намысшыл болып қалыптасады.
Бибісара өмірлік жолдасы Жалғас Досымбековпен берекелі отау тігіп, шаңырақ көтерген күннен бастап үбірлі-шүбірлі болуды қалаған. Оған отағасы мен отанасының көп балалы отбасынан шыққаны себеп болғандай.
Бүгінде Жалғастың шаңырағында бала күлкісі шуақ дарытуда. Әрбір баланың арман-тілеуі отбасының берекесін арттырып, бірлігін бекемдей түсуде. Міне, алаштың әрбір шаңырағы осындай мызғымас қағидамен құрылса бәсекеге қабілетті елге айналар едік...

Р.S.: Атам қазақ бойына көп бала өрбіткен аналарды «Алтын құрсақ» демей ме?! Бүгінде дәл бұрынғыдай он үш, он бес бала тәрбиелеп, өсірген ата-ана сирек екенін айтпаса да түсінікті. Алайда, біздің кейіпкерімізді «батыр» десек те, «Алтын құрсақ» десек те жарасатындай...

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.
07 наурыз 2018 ж. 1 481 0