Қызыңызды Маша дей бермеңіз!
Баланы тәрбиелеу ауруды емдеумен тең. Ауруды емдей бермей, оның себебін табу әлдеқайда абзал. Сол сияқты баланың тәрбесінде де кез-келген жағымсыз қылықтың себебін тапса, оның нәтижесінде қателіктердің алдын алуға болады.
Қазіргі таңда біздің қателігіміз, көзімізді аша-сала теледидарды қосып, қарсы алдына баламызды қонжитып қойғанды қолай көрміз. Оның шашетек кесір-кесапатын ойлап әуре болып жатқан ешкім жоқ. Сондағымыз, масайраған Машаға бала-шағамызбен мәз боламыз. Оған мысал, бірде қонаққа бардым, дастархан басына жайғасқан соң сол үйдің еркесі, яғни, "Машасы" жүгіріп келді. Ата-анасы ол қызды еркелетіп, "Біздің Машамыз" деп еркісіне жібере берді.
Кішкене қыз баланың ерсі қылықтары бізді алаңдатты.
Қазіргі таңда әр-бір отбасында бір-бір "Маша" бар.
Балалар сол кейіпкерлерге жиі ұқсағысы келеді, балалар үшін ол өмірдегі адам ба, әлде қиялдағы персонаж ба, бәрібір.
Мамандардың пікірінше, «Маша мен аю» мультфильмі балалар үшін ең қауіпті болып саналады. Себебі мультфильмдегі Маша ерке әрі тәртіпсіз. Ойындағысын орындамай қоймайтын шолжаң, жүрген бір жүгенсіз.
Балақандарымыз әбден "Машаға" еліктеп алғаны сондай аю – әкесін, оның серігі – мамасын тыңдамай, әбден әлек қылып, онысына өзі ішек-сілесі қата мәз болып, сайықмазақтықтың неше атасын шығарып, сайраңдап жүр.
Ал біз, ата-ана не істеп жүрміз?
Дағдарып, еш дәрменсіз қолды қусырып отыра береміз бе? Не істейміз? Телернаны құлыптап қоя алмаймыз. Бала үшін қызықты Машаның орнын алмастыратын не бар? Ойласып көрсек қайтеді? Сіз не дейсіз?
Ерлан РАЙМБЕК.

Пікір 2