Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.
Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тұңғышбаев сотталушы Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 393-бабымен қаралған қылмыстық теріс қылық туралы ісі бойынша сұхбат берді.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы Т. Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған кентіне, 29 желтоқсан 2008 жылы жеке шаруамен келіп, жергілікті ІІО уақытша тіркеуге тұрмай, ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, Жаңақорған АПб-нің КҚҚ-мен әкімшілік хаттама толтырылып, 04 маусым 2018 жылы Жаңақорған аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, сот қаулысымен сотталушы Т-ты Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығару жөнінде сот қаулысы шыққанын, сот қаулысының орындалуы негізінде көші-қон қызметкерлерімен сотталушыны өз еркімен ҚР шегінен шығу жөнінде 04 маусым 2018 жылы жазбаша міндеттеме алынған.
Алайда, сотталушы Т. өзіне қатысты, қолданылған ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімді орындамай, бой тасалап жүрген жерінен іздестіру барысында, 24 желтоқсан 2018 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде ұсталғанын, сөйтіп, сотталушы Т. шетел азаматы болып, өзіне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешімді орындамаған, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабымен қаралған қылмыстық теріс қылықты жасаған.
Істі сотта қарау барысында, сотталушы Т. қылмыстық теріс қылықты жасағанын толық мойындап, қаржы жағдайына байланысты қаулыны орындамағанын, кешірім сұрайтынын және соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Аудандық соттың үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 393-бабымен кінәлі деп танылып, оны Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 60 125 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Брифинг соңында БАҚ тілшісі қылмыстық туралы іс бойынша сауалдар қойып, оларға нақты жауаптар алды.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі