№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Денис Теннің өліміне кінәлі күдіктіні оқиға орнында жауап берді

Денис Теннің өліміне кінәлі күдіктіні оқиға орнында жауап берді


Денис Тенді өлтірді деген күдікпен ұсталған Нұралы Қиясовты оқиға орнына алып келді. Желіде тергеу іс-қимылдары жүргізіліп жатқан жерден видео пайда болды деп хабарлайды 
.
Аталған видео Instagram желісіндегі kris_p_brothers паблигінде жарияланған. Кадрлардан 24 жастағы күдікті арнайы жасақ қызметкерлері және полицейлерге болған жайт туралы баяндап жатқанын көруге болады.
"Денис Теннің өлімі бойынша тергеу іс-қимылдары жүргізілуде", - делінген роликте.
Айта кетейік, Қазақстанның танымал спортшысы Денис Тен 19 шілде күні көлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.
Әйгілі спортшылар, жұлдыздар мен жанкүйерлер әлеуметтік желіде Денистің өліміне қатысты жантебірентерлік жазбалар қалдыруда.
Алматы тұрғындары Республика алаңы алдында спортшының өліміне қайғырып, аза тұтты.
Спортшыны ақтық сапарға шығарып салу 21 шілде күні Балуан Шолақ спорт сарайында болып өтпек.
Қайғылы жағдайда қайтыс болған спортшының өліміне кінәлі күдіктілердің бірі ұсталды. Ол Денис Тенді өлтіргенін толықтай мойындады.
Екінші қылмыскерді іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.
20 шілде 2018 ж. 1 072 0