Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

  ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ
Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 69395,8 млн. теңге болып, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 83,6 пайыз болды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 35913,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 81,4 пайызды құрады.
Өнеркәсіп бойынша тұтас нәтижелерді қалып­тастыруға өңдеу өнеркәсібі мен кен өндірісі саласы елеулі ықпал етіп отыр. Бөлшек сауда көлемі 792,2 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі 100,4 пайыз болды.
ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІГІ
2018 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 27452,0 мың теңге болып, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 148,5 пайызды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында 10178,0 млн. теңгеге орын­далған. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 158,1 пайызға орындалды. Салын­ған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 44440 шаршы метр болып, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 117,4 % пайызға орындалды.
2018 жылы Жаңақорған ауданында ZhasProject жобасы аясында 160 жоба тапсырылып, 69 жоба қаржыландыру алды. Осы ретте 247 жасөспірім 6 ай бойы өз өзін жұмыспен қамтитын болады деп сенімді түрде айтуымызға болады. Бұл дегеніміз ауданға жастарына тартылған 149 млн инвестиция деп сеніммен айта аламыз.

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ
2018 жылдың 1 желтоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 3930, оның 260 заңды тұлғалар, 1414 шаруа қожалықтары, 2256 жеке кәсіпкерлер. Ондағы белсенді субъектілер саны 3793 бірлікке, ал жұмыспен қамтылған адамдар саны 9235 адамға жетіп, 11137,6 млн теңгенің өнімдері (оның 2655,0 млн. теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Бюджетке түскен салық 1143,3 млн. теңгені құрады. Кәсіпкерлік саласының басым бөлігін бүгінгі күні сауда және қызмет көрсету саласы қалыптастырып отыр. Тиімді сауда және қызмет көрсету саясатын жүргізу өңірдің территориялық дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы зор.


2018 жылдың 1 желтоқсанына өңірде 567 сауда мен қызмет обьектілері жұмыс істейді, олардың ішінде 17 сауда үйлері, 317 азық-түлік және азық-түлік емес сауда дүкендері, 145 тұрмыстық қызмет көрсету және 61 қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс істейді. 2018 жылдың желтоқсанына бөлшек сауда айналымы 4792,2 млн. теңге болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда индекс өсімі 100,4 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 812 бірлікке жетті.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес ауданда үстіміздегі жылы 387 жоба бойынша несие алу жұмыстары жоспарланып отыр. Осы бағдарламаның ІІ бағыты «Бастау Бизнес» жобасына 139 адам оқып сертификаттарын алды. Сонымен қатар, «Бизнес-кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 139 адам оқытылды.
«Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 308,7 млн. теңгенің 118 жобасы несиелендірілді;
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдай қоры»АҚ Қызылорда филиалы арқылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 214,5 млн. теңгенің 74 жобасына және «Егінжай» бағдарламасы арқылы 18,5 млн теңгенің 12 жобасы бойынша несиелер алынды. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы «Іскер» бағдарламасы аясында 26,9 млн. теңгенің 6 жобасы несиелендірілді. Барлығы 568,6 млн. теңгенің 210 жобасына несиелер алынды.
Өткен жылы «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 130,9 млн. теңге болатын 7-жоба несиемен қаржыландырылды. Осының құны 25,972 млн. теңге болатын 3 жобасы «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру арқылы қаржыландырылды. Бүгінгі таңда екінші деңгейлі банктерде 4 жоба қаралып жатыр.
«Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге байланысты үстіміздегі жылы ауданнан 75 жоба ұсынылды. Осы жобалардың ішінен құны 21 миллион 127 мың теңгені құрайтын 19 жоба грантты жеңіп алды.
Кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да бағдарламалары аясында қаржыландырған жобалар:«Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы «Кең дала» бағдарламасы аясында 83,3 млн. теңгенің 9 жобасы несиелендірілді. Оған қоса, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 кәсіпкерлік субъектісі 87 млн. теңге жеңілдетілген несие алды.
«Байқоңыр» ӘКК арқылы 2 жобаға 461 млн. теңге несие алынды.
Жалпы, ауданда ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 255 жобаға 1 млрд 352 млн. теңгенің қаржысы тартылды.
Осымен қатар, ауданда бүгінгі таңға жылдық айналымы 2 млн. теңгені құрайтын кәсіпкерлердің саны 442 бірлікті құрап жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің санының 12,0 пайызын құрап отыр.
Бұдан басқа «Жас прожект» жобасы бойынша 150 жоба ұсынылып оның ішінде 69 жоба жеңімпаз болып 248 жас кәсіпкер 6 ай бойына еңбекақы алып жұмыс жасайтын болды.

ТУРИЗМ САЛАСЫ
Жаңақорған ауданы бойынша туризм саласында 11 – тіркелген субьектілер бар, оның: 2 - балалар лагері, 4 - қонақ үй. Ал, қалған 5 субьектілер аудан бойынша «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында салынатын жол маңы сервистік қызмет көрсету нысандары бойынша бүгінгі таңға төмендегі жұмыстар атқарылды: ДК «Құламетов Абибулла» (оң жақ «В санаты, 1984 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 62 млн. теңге. Бүгінгі таңда жоба толығымен іске асырылып 10 адам жұмыспен қамтылды. ДК «Аружан К» (сол жақ «С санаты, 1984 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 36 млн теңге Бүгінгі таңда жоба толығымен іске асырылып 6 адам жұмыспен қамтылды. ДК «Бексұлтан» (сол жақ «В санаты, 1997 км) ЖК «Бексұлтан» жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 783 млн. теңге. Қазіргі таңда жоба ішінара іске асырылып 6 адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталып тұр. Жоба толық іске қосылған кезде 15 адам жұмыспен қамтылады. ДК «Астана» (оң жақ «С» санаты, 2030 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың екінші жартыжылдығынан басталды. Жобаның құны 400 млн. теңге. ДК «Басқожаев» (сол жақ «СД санаты, 2045 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 75 млн. теңге. Бүгінгі таңда жоба толық іске асырылып 6 адам жұмыспен қамтылды.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
Ағымдағы жылы қабылданған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспар аясында 3959 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оның 1978 жұмыссыздар, 1677 нәтижесіз жұмыспен қамтылатындар, 304 лайықты жұмыс іздеушілер қатарында. Осыдан жоспар 3856 адамға орындалды. Жылдық жоспар 97.4 пайызға орындалды.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 2787 адам хабарласса, жұмыс­сыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 2529адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 98 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда:
-Тұрақты жұмыс орындарына- 1513 адам;
-әлеуметтік жұмыс орындарына-160адам;
-жастар практикасына-250 адам.
-Қоғамдық жұмыс орындарына-606 адам;
2018 жылы 850 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 1128 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 133 %), соның ішінде 1077 тұрақты немесе 95.5 пайыз.
Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмең­келер өткізу жоспарланса, бүгінгі таңға 13 рет өткізіліп, 177 жұмыс беруші 277 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 277 азаматқа жолдама берілді. Әйелдер саны -58.
Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орналас­қандардың ішінен хабарласқандар 112 болса жұмыс­қа орналасқаны 65 немесе 58 пайыз. Оның ішінде хабарласқаны: мүгедектер – 82, жазасын өтеп келгендер –30,
оралмандар – 0. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 40 (жоспар-40), жазасын өтеп келгендер -24. оралмандар -0.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
Жаңақорған кентінің Саяжай аймағынан 20 га жерге көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын салуға жеке инвестор тарту арқылы бүгінгі таңға 18 пәтерлі үш қабатты және 45 пәтерлі төрт қабатты тұрғын үйдің құрылысы салынып пайдалануға берілді, алдағы уақытта осындай көп қабатты бірнеше тұрғын үйлердің құрылысы басталатын болады. Көп қабатты тұрғын үйлерге инженерлік - коммуникциялық инфрақұрылымдардың құрылыс-монтаж жұмыстарына 2017 жылы аудандық бюджеттен 38 354,5 мың теңге, республикалық және облыстық бюджеттен 273699,0 мың теңге қаржы бөлініп, пайдалануға берілген 18 пәтерлі үш қабатты, 45 пәтерлі төрт қабатты тұрғын үйлерді және алдағы уақытта салынатын көп қабатты тұрғын үйлерді газбен, жылумен, ауыз сумен, канализациямен, электр қуатымен, тас жолмен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2018 жылға аталған құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық және республикалық бюджеттен төмендегіше қажетті қаржы бөлінді. Атап айтқанда :
-«Саяжай» учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Электрмен және жылумен жабдықтау жұмыс жобасына 2017 жылға аудандық бюджеттен - 16000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен - 30000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен - 50 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілген.
2018 жылы республикалық бюджеттен 100 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 10 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнде республикалық бюджеттен 99940,0 мың теңге қаржы, облыстық бюджеттен 8552,0 мың теңге қаржы игеріліп, 0,7 шақырым 10 кВэлектр желісі,4,3 шақырым 0,4 кВ электр желісі мен 1,1 - шақырым жылу жүйесі толық аяқталды. 1 дана КТПН трансформаторы орнатылып, блочно-модульді жылу қазандығын монтаждау жұмыстары орындалды.
– «Саяжай» учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Газдандыру және абаттандыру жобасы бойынша 2017 жылға аудандық бюджеттен бөлінген қаржы - 20 000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 5 000,0 мың теңге толық игеріліп, 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 35 072,0 мың теңге қаржының 32923,8 мың теңге қаржысы игерілді. Қазіргі уақытта 3,24 шақырым газ құбыры толық тартылып, ГРПШ газ тарату пункті орнатылған. Тас жол құрылысының 100% ға құрылыс жұмысы аяқталып, барлығы 3,6 шақырым тас жол төселген.
Монтаждалған газ құбыры жүйесін, жылу қазандығына қосу және Саяжай - 4 көшесіндегі газ құбырына (ГРПШ газ тарату пунктіне) қосу жұмыстары жүргізілген.
-«Саяжай» учаскесіндегі тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Сумен жабдықтау және су бұру құрылыс жұмыстарына 2017 жылға аудандық бюджеттен - 2000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 17 000,0 мың теңге, республикалық бюджеттен- 171 699,0 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілген.
2018 жылы құрылыс жұмыстарына 158366,0 мың теңге қаржы республикалық бюджеттен және 15 800,0 мың теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, бүгінгі таңға облыстық бюджеттен - 6570,586 мың теңге, республикалық бюджеттен 158 366,0 мың теңге қаржы игеріліп, облыстық бюджеттен 9229,4 мың теңге қаржы үнемделді.
4,81 шақырым ауыз су желісі, 1,27 шақырым өздігінен ағатын кәріз жүйесі, 8,76 шақырым қысымды кәріз жүйесі тартылып, 2 дана КНС станцалары мен 1 дана КТПН-10/0,4 кВ трансформаторы орнатылды.
1 дана ДЭС (Дизельная электро станция) орнатылды және 0,277 км - ВЛ-10кВ электр желісі ,1,51 км - ВЛ-0,4кВ электр желісі монтаждалған. Нысан 2018 жылы 6 тамызда №33 қабылдау актісімен қабылданды.
2017 жылдың соңында Жаңақорған ауданы Екпінді, Қожамберді, Жаңарық ауылдарынан құрылысы басталған әкімдіктің бір қабатты әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 59 980 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңға Екпінді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 16704,755 мың теңге, Жаңарық ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 17628,856 мың теңге және Қожамберді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша 17145,449 мың теңге қаржы толық игеріліп, Қожамберді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы 28.06.2018 жылы №23 қабылдау актісімен, Жаңарық ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы 28.06.2018жылғы №24 қабылдау актісімен, ал Екпінді ауылындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы 29.06.2018 жылғы №25 қабылдау актісімен қабылданып, пайдалануға берілді.
Аудандық бюджеттен бөлінген 4 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жаңақорған кентінен салынатын тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға және жоюға арналған полигонның құрылысының жоба-сметалық құжатын жобалау жұмысы «Промстройпроект» ЖШС арқалы басталған болатын. Биылғы жылы аудандық бюджеттен жобалау жұмысына 10 893 мың теңге қаржы бөлінген, алайда жобалау жұмысына қажетті техникалық экономикалық құжаты болмағандықтан, сонымен қатар қатты қалдықтар тастайтын полигонның орнын ауыстыру мәселесіне байланысты,жоба-сметалық құжатын әзірлеу уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, Жаңақорған кентінің Саяжай аумағынан 600 орындық мектептің, МАИ бекеті аумағынан 600 орындық мектептің, кент орталығынан 600 орындық №169 мектептің және Ипподром аумағынан 300 орындық мектептің және Жаңақорған кентінің Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге «Проммедконтракт» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 40152,8 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған төрт мектеп бойынша жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмысы бойынша бүгінгі күнге 34093,7 мың теңге қаржы игеріліп және жоғарыда аталған екі балабақшаның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары бойынша 13443,2 мың теңге қаржы игеріліп, барлық жобалар мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.
Ал, Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарына және шілде айынан бастап Бесарық ауылындағы 90 орындық балабақшаның ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен бөлінген 22 822,8 мың теңге қаржыға «Сыр Жоба» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жобалау жұмыстары жасалуда.
Қазіргі уақытта, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылынан салынатын «90 орындық балабақшаның құрылысы» бойынша 6 279,295 мың теңге қаржыға жоба-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптаманың 21.08.2018 жылы №14-0140/18 қорытындысы алынды.
Ал, «Жаңақорған кенті Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның құрылысы» бойынша 5657,9 мың теңге қаржыға ЖСҚ әзірленіп, 1888,7 мың теңге қаржыға келісім жасалып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Сонымен қатар, «Жаңақорған ауданы Бесарық ауылындағы 90 орындық балабақшаның құрылысы» ЖСҚ әзірлеуге бөлінген 3468,6 мың теңге қаржы толық игеріліп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды. Аталған жоба-сметалық құжаттарға 2018 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынады деп жоспарланған.
2018 жылы Жаңақорған кентіндегі орталық стадионның қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжатын әзірлеуге аудандық бюджеттен 4592 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге 3360,0 мың теңге қаржы толық игеріліп, 1131,3 мың теңге қаржыға келісім шарт жасалып, жоба мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.
Өткен жылдың шілде айында Өзгент ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтың құрылысының ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 6505,0 мың теңге қаржы бөлініп, аудандық сатып алу бөлімі арқылы жарияланған электронды сатып алу конкурсының жеңімпазы «Крез Сервис» ЖШС-мен тапсырыс беруші аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі арасында 2 352,0 мың теңге қаржыға келісім шарт жасалып, жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қаржысы толық игерілді.
Бүгінгі таңға, аудандық бюджеттің 1 136,4 мың теңге қаржысына мемлекеттік сараптамамен келісім шарт жасалып, Мемсарптаманың қарауына ұсынылды.
2018 жылы 16 сәуірде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Жаңарық, Қаратөбе, Көктөбе, Сунақата, Төменарық елді мекендерінен мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысын салу» құрылыс монтаж жұмысына қажетті 73772,031 мың теңге қаржы бөлдіруге бюджеттік өтінім берілді.
Бүгінгі күнге, Жаңақорған ауданының Жаңарық және Төменарық елді мекендерінен мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысын салуға облыстық бюджеттен 12678,1 мың теңге қаржы бөлініп, аталған мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысын салуға, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 2018 жылдың 29 маусымында жарияланған электронды мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы «Astana-Global-Metrology» ЖШС келісім шарт жасалды.
Жаңақорған ауданының Жаңарық елді мекенінде мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысы жүргізілуде, қазіргі уақытта 397,9 мың теңге қаржы игерілген. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданының Төменарық елді мекенінде мал қорымының (биотермиялық шұңқыр) құрылысы орындалуда, 433,552 мың теңге қаржы игерілді.

СӘУЛЕТ САЛАСЫ БОЙЫНША
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлі­мі арқылы 6 түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызмет­тер, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну», «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу», "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру", "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді атқару бекітілген.
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» бойынша 2018 жылы 11 айда құрылыс нысандарын салуға 61 мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның 54-і «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы әзірленді. 7-і электрондық үкімет порталы арқылы берілді. Берілген 61 қызметтің 23-і кәсіпкерлік саласына, 18-і өндіріс орынына, 17-і басқа саладағы құрылыс нысандарына берілді.
2018 жылғы 11 айда салынуы жоспарланған 27 құрылыс объектісінің, «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша келісім берілді. Солардың ішінде, Жаңақорған кенті А.Сұлтанов көшесі бойында салынатын 140 орындық және Бірлік ауылында салынатын 90 орындық балабақшаның, Жаңақорған кентінің Т.Құлымбетов, Б.Байкенжеев, Т.Бердібаев көшелерінің бойында салынатын 600 орындық, С.Сұлтанмұратов көшесінде салынатын 300 орындық мектептің, Сүттіқұдық ауылында салынатын спорт кешені ғимаратының, Шалқия кенішінде 120 және 240 орындық жатақхананың, Өзгент және Бірлік ауылындағы дәрігерлік амбулаториялардың т.б. құрылыстардың эскиздік жобаларына келісім берілді.
«Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 19 өтінішке келісім беруге шешім берілді.
5. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру", "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша өтініш түскен жоқ.
6. 2018 жылы 11 айда 40014 шаршы метр болатын, 361 жеке тұрғын үй меншік иесінің объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісі тіркеліп, бұл туралы ақпараттар облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына, аудандық статистика басқармасына берілді.
7. Аудан аумағында 11 айда құрылысы салынып аяқталған 46 объектінің пайдалануға қабылдау актісі тiркелді.
8. Аудан аумағында салынуы жоспарланған ғибадат үйлеріне бастапқы құжаттарды жинақтау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қаратөбе, Аққұм, Манап ауылдарында мешіт құрылысын салуға жер учаскесіне облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасынан рұқсат алынған, жер учаскесі рәсімделген, барлық құжаттары рәсімделіп, пайдалануға қабылданған, әділет басқармасында тіркелген. Байкенже, Төменарық ауылдарында, Жаңақорған кентіндегі «Құмсахаба» мешіт құрылысының жер учаскесіне облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасынан рұқсат алынған, жер учаскесі рәсімделген, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, жобасы жасалған. Қалған құжаттарды (сараптамадан өткізіу, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының рұқсаты т.б.) рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңақорған кенті Жаңауыл мөлтек ауданында мешіт салуға бастамашы болған жеке тұлға Жұманқожаев облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасынан келісім алу үшін құжаттарын өткізді.
9. Аудан орталығында өткен Наурыз мерекесін, облыстық малшылар слетін өткізуге байланысты орналастыру сызбасы дайындалды. Алдағы уақытта да өткізілетін іс-шараларға, көркейту, абаттандыру сызба-жобалары әзірленіп ұсынылатын болады.
10. 2018 жылға Жаңақорған кентінің бас жоспарына сәйкес жаңадан ашылатын жер учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу үшін облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім өткізілді. Қаржы бөлінсе «Саяжай-1» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленеді.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
2018 жылдың 1 желтоқсанына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 13 128,7 млн.теңге (102,3%) оның ішінде өсімдік шаруашылығы 6 848,5 млн.теңге (101,5%), мал шаруашылығы 6 163,2 млн.теңгені (103,4%) құрап отыр.

Егін шаруашылығы жайлы
Ауданда ауылшаруашылығы өндірісімен айна­лысатын 715 шаруашылық құрылымдарының 350-і егін шаруашылығымен айналысады. Оның ішінде 189 шаруашылық күріш өсірумен айналысып отыр.
Биылғы жылы аудан бойынша 36246 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп, нақты 37065 гектарға орналастырылып, межеден 102 пайызға, ал өткен жылмен салыстырғанда 106,0 пайызға немесе 2266 гектарға артық егіс егілді.

Минералдық тыңайтқыш пайдалану
2018 жылдың егісі үшін ауыл шаруашылығы құрылымдары барлығы 4747 тонна, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық минералды тыңайтқыштар пайдаланды. Оның ішінде 4533 тонна азот 214 тонна фосфор тыңайтқыштарын сатып алып, күріш егісі үшін 3380 гектар егіс алаңына тыңайтқыштар берілсе, 2260 гектарға үстеп қоректендіру жұмыстары жүргізілді.

Субсидия төлеу
барысы жайлы
Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер (субсидия) бойынша «Тұқым шаруашылығын дамытуға» 32,8 млн теңге, «Гербецидтердің құнын субсидиялауға» 7,4 млн теңге, «Тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға» 156,7 млн теңге, басым дақылдарды субсидиялауға (күріштің тоннасына) 129,7 млн теңге төленіп, жалпы егін шаруашылығы бойынша 326,6 млн. теңге, сонымен қатар мемлекет тарапынан мал шаруашылығын қолдауға 675,8 млн.теңге субсидия төленіп, аудан шаруашылық құрылымдары жалпы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 1002,4 млн теңге субсидиялар алуға қол жеткізді.

Мал шаруашылығы жайлы
01.11.2018 жылға ауданда 62 589 бас мүйізді ірі қара, 211 964 бас қой, 10 495 бас ешкі, 14 811 бас жылқы, 1384 бас түйе, 20 168 бас құс есептелген. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 112,3 қой 89,1, ешкі 58,7 жылқы 100,2, түйе 101,5, құстар 112,5 пайызға өскен. Қой 89,1, ешкі 58,7 пайызға кем орындалып отыр. Жыл қорытындысымен 103 пайызға орындауға мүмкіндігіміз бар. Өндірілген мал өнімдерінің көлемі 2018 жылдың 1 желтоқсанына, ет (тірі салмақ) 6 410,0 тн, сүт 11 939,9 тн, жұмыртқа 1796,8 мың дана. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 103,2, сүт 102,5, жұмыртқа 100,7 пайызға артығымен орындалып отыр.
Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту
Қыркеңсе ауылдық округіндегі«Бекарыс – Агрофуд» ЖШС – гі «Байқоңыр әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компониясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ет бағытындағы 170 бас асыл тұқымды қашар (қалмак) сатып алынды. Аталған шаруашылық асыл тұқымды репрадуктор шаруашылық қалыптастырылды. Бүгінгі күнге шет елден (Ресей) 120 бас таза тұқымды қалмақ қашарларын сатып алуда.
Сонымен қатар аудандағы «Барыс-4» шаруақожалығы алдағы уақытта «Байқоңыр әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК – сы мен бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлап отыр.
Онымен қатар «Сәрсенбек» ш/қ ет бағытындағы 63 бас асыл тұқымды ақбас қашарлары сатып алынды. «Мырзалы» ш/қ сүт бағытындағы 85 бас, «Абай» ш/қ 50 бас асыл тұқымды қара – ала қашарларын сатып алды. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері
Ауданда егін егумен мал шаруашылығымен айналысатын 49 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, мүшелерінің саны767 адам.
Қагіргі уақытта 278 жеке отбасылық тұлғадан құрылған 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі толық қанды жұмыс жасауда.
Оның ішінде 6 АӨК ет өндіру бағытында отбасылық мал бордақылау бойынша, 1 АӨК мал шаруашылығы сүт өндіру бағытында жұмыс жасауда.
Отбасылық мал бордақылау бағытындағы 6 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері 2018 жылдың бірінші жарты жылдығына 228,0 тонна сиыр етін өндіріліп нарыққа шығарылды.
Сүт өндіру бағытындағы «Ақбұлақ-Б» кооперативі бүгінгі күнге 18,0 тонна сүт өндіріліп, Жаңақорған шипажайына өткізіп отыр.

Экспорт әлеуеті
Ауданан бүгінгі күнде Біріккен Араб Әмірлігіне ауданнан тірілей 10 бас түйе экспортталды. Сонымен қатар шет елдерге эспорттау мақсатында Түркістан облысындағы ет комбинаттарына «Ынтымақ» ЖШС, «Ақсеңгір», «Көбелдес», «Ақжол» шаруа қожалықтарынан 3700 бас еркек тоқты өткізілді.
Дипломмен ауылға бағдарламасының орындалуы жайлы.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға тұрғын үй сатып алу мақсатында 78 маманға 281385,0 мың теңге қаражаттары бөлінді.
2018 жылғы тоғыз айдың қорытындысымен тұрғын үй сатып алу мақсатында 81 маманға 282612,4 мың теңге бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.
Сонымен қатар 102 маманға 17171,0 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді.

САЛЫҚ ТҮСІМІ
2018 жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң қалыпқа ие. 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында жергілікті бюджет 106,0 пайыз (болжам 1929559,8 мың теңге, орындалғаны 2044424,2 мың теңге). Оның ішінде: - салықтық түсімдер 101,4 пайыз (болжам 1878237,9 мың теңге, түсім 1905029,2 мың теңге) яғни 26791 мың теңгеге артық; - салықтық емес түсімдер 315,3 пайызға орындалды. Болжам 29298,9 мың теңге, орындалғаны 92380,7 мың теңге, яғни 63081 мың теңге артық, - негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 213,5 пайызға орындалды. Болжам 22023,0 мың теңге, орындалғаны 47014,3 мың теңге, яғни 24991,3 мың теңгеге артық орындалған.

БІЛІМ САЛАСЫ
Барлық мектептер класс журналдарын электронды форматта жүргізуге планшет және вай-модеммен қамтамасыз етілді. 656 планшет және 403 вай-модем сатып алынып барлық мектептерге таратылды. (656 планшет және 403 роутер (wi-fi) білім беру ұйымдарына таратылып берілді. Интернет желісіне қосылу: қазіргі танда білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының барлығы интернетке түгелімен Кең жолақты интернетке (ШПД) қосылған, оның ішінде 35 мектеп - 8Мбит/с; 7 мектеп - 4Мбит/с интернет желісіне қосылған. Робототехника: Аудан бойынша 2017 жылы 3 дана робототехника, 2018 жылы 12 дана (№208,№163,№160,№229,№169,№239,№54, №209,№125, №110 мектеп-лицей, №184,№168) робототехника, 1 дана 3D кабинеттері пайдалануға берілді. Осы уақытқа дейін ауданның 45 мұғалімі «Робототехника негіздері» біліктілік арттыру курстарынан өткен. Электронды балабақша: Жаңақорған ауданындағы барлық 123 мектепке дейінгі ұйымға «Электронды балабақша» жүйесімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 16 531,0 теңге қаралған. Қазіргі таңда барлық мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне өздеріне тиісті логин, парольдері беріліп, жүйемен жұмыс жасау үстінде.

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ
2018 жылы 73276 (бекітілген халық тіркелімі (РПН) бағдарламасы бойынша) аудан халқына аудандық орталық аурухана, 6 ауылдық аурухана, аудандық емхана, туберкулезге қарсы диспансер, 17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетті. Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 167 дәрігер, 714 орта буынды медицина қызметкерлері қызмет етеді. 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 22,9. Емдеу және алдын алу ұйымдарындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттырудың 2016-2018 жылдарға арналған перспективалық жоспарына сәйкес 2017 жылы 74 дәрігер, 236 орта буын медицина қызметкерлері балалар хирургиясы, жалпы тәжірибелі дәрігер, реаниматолог, токсикология, фтизиатрия, нейрохирургия, гастроэнтериология, гериатрия мамандықтары бойынша білімдерін жетілдірді.
2018 жылдың 11 айында аудан бойынша 1631 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 22,2, табиғи өсім көрсеткіші – 16,3 промильді құрады. Сондай-ақ, бүгінгі таңға дейінгі тіркелген өлім-жітімнің жалпы саны 299 – 4,0 (2017ж 11 ай – 351-4,7) көрсеткішті құрап отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда 0,7 көрсеткішке төмендеген. Соңғы 3 жыл көлемінде ана өлімі тіркелген жоқ.
Емдеу және алдын алу ұйымдары бойынша 2018 жылдың 11 айында 51266 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «электронды үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы 15952 қызмет ұсынылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысында тұрғындардың электронды түрде дәрігердің қабылдауына жазылуы мен дәрігерді үйге шақырту бойынша жұмыстар әлі де өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл кемшіліктер тұрғындардың көпшілігінің интернет желісін үй жағдайында қолдана алмауы салдарынан болып отыр.


СПОРТ САЛАСЫ
Қазіргі таңда ауданда 64 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс жасайды. Аталған ұжымдарда спорттың 26 түрімен, 23665 адам тұрақты түрде шұғылданады, бұл өз кезеңінде аудан халқының 28,1 пайызы. Тұрғындарға қызмет көрсететін спорт ғимараттар саны 331 бірлікті құрап отыр. Оның ішінде; 1 стадион, 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 ипподром, 57 спорт зал, 18 тир ату бөлмесі, 25 ыңғайластырылған спортпен шұғылданатын қосымша бөлмелер, жазықтықтағы спорт құрылғылары саны 227 (152 баскетбол, волейбол, шағын футбол, стритбол спорт алаңдары, 48 жасанды жамылғымен көмкерілген спорт алаңдары, 2 Street Workout алаңдары, 3 спорттық ядро, 22 үлкен футбол алаңдары). 2018 жылы аудан спортшыларының 25-ке жуығы облыстық құрама команда сапында өнер көрсетсе, 9 спортшы ҚР-сы ұлттық құрама командасының қатарында кіріп, ел намысын қорғап жүр. Ауданның спортшылары үстіміздегі жылдың ІІІ тоқсанында біршама табыстарға жетті. Олар ҚР-ның чемпионаттарында ұлттық спорт түрі қазақ күресінен және белбеу, самбо күрес, дзюдо, гір тасын көтеру, қол күрес, волейболдан 17алтын, 25 күміс, 27 қола медаль иеленді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында парадзюдодан Әлем чемпионатында Оразалыұлы Олжас 1 орынды иеленді. 4 спортшымыз Астана қаласында өткен белбеу күресінен Әлем чемпионатынан 3 күміс, 1 қола жүлдені иеленді. 5 спортшы ҚР спорт шебері атағын алса, 49 спортшы 1-ші разрядты спорт шебері, 57 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шеберлігінен үміткер атағын алды. 2018 жылдың 11 айында спорттық сауықтыру іс-шаралары аймақтық, аудандық, облыстық және Республикалық деңгейде 380 жарыстар өткізіліп 59410 тұрғын қамтылды.

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Облыс әкімінің 2018 жылын кәсіпкерлік жылы жариялауы кәсіппен айналысқысы келетін жастарға үлкен серпін болды. Өткен жылы жастар арасында кәсіпкер болып тіркелгендер 102-ге жетті. Жалпы алғанда аудан көлеміндегі 30 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер саны – 530 құрайды. Өткен жылы кәсіпкерлікке ынталы жастарға «Кәсіпкер сыры» тренингі, «Үйрен» кәсіпкерлікке баулу курсы және «Керек» компьютерлік біліктілікті арттыруға арналған оқыту курсы мен Халықаралық тестілеу жүйелерін үйрететін «Start locally, change globally» оқыту курстары, «The best» бизнес жобалар байқауы мен «Жаңғырған
Жаңақорған» TEDx конференциясы ұйымдас­тырылды. Әлеуметтік көмекті қажет ететін жастарға «Жасыл ел», «Жас құрылысшылар» еңбек жасақтары жөнінде және өзге де мәліметтер беріліп, «Жасыл Ел» еңбек жасағына 89 жас жұмысқа тартылды.

04 қаңтар 2019 ж. 1 514 2

Гость Jeahulalf от 26 ақпан 2019 05:10
Cialis Viagra Effets Secondaires canadian cialis Triple S Paga Viagra

Гость Jeahulalf от 15 наурыз 2019 02:43
buy accutane online 20mg Comprar Viagra Con Mastercard Comprar Cialis Generico Linea tadalafil cialis from india Levitra Einnahme