Ең төменгі күн көріс деңгейі 27,8 мың теңгені құрады
2018 жылы шілде айында Қазақстанда ең төменгі күн көріс деңгейі 27,8 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Статистика комитетінің мәліметіне сүйенетін болсақ, бұл көрсеткіш бір айда 5,2% (1,4 мың теңгеге), ал жыл басынан 8,8% өсті.
атап өтсек, ең төменгі күн көріс деңгейінде азық-түлік өнімдеріне 15,3 мың теңге, ал азық-түлік емес және ақылы қызметтерге 12,5 мың теңгеден астап қаржы қарастырылған.
Жалпы, ең жоғарғы күнкөріс деңгейі Маңғыстау облісінде (34,2 мың теңге), Астанада (32,2 мың теңге) және Алматыда (31,3 мың теңге), ал ең төменгі күнкөріс деңгейі Павлодар (25,3 мың теңге), Түркістан облыстарында (25,3 мың теңге) және Шымкентте (25,5 мың теңге) тіркелген.
Пікір 1