№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдің үміті алдамайды

Елдің үміті алдамайды


Атасы көпке ортақ кісі еді. Осы немересі дүниеге келгенде Елбасының есімін беріп «Нұрсұлтан» деп қойды. Нұрсұлтан 1-ші сыныптан бас­тап тек «5»-ке оқыды. Ол қазір жетіншіні бітіріпті. Бүгінге дейін сабақта үздік танылғаны үшін 41 Мадақтама қағазы мен дипломдарға ие болыпты.
Нұрсұлтан өлең жазумен де айналысады екен. «Биік болсын туған тілдің тұғыры» атты өлеңі бәйгеде топ жарса, «Абай оқуларына» қатысып, онда да үздік орынды еншілепті. «Шебердің қолы алтын» тақырыбында өткен сайысқа қатысып, ісмерлік талабымен танылды.
Икрам Нұрсұлтан «Зерде» республикалық конкурсында тарих, өлкетану, этномәдениет секциясына ғылыми шығармашылық еңбегін ұсынып, ІІ орынды жеңіп алыпты.
Осындай жетістіктері жоға­ры бағаланып, 2016 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Қазақстанның үміт артарлары» деп аталатын энциклопедияға Сыр өңірінен қамтылған таң­­даулылар қатарында Нұрсұлтан­ның да суреті өмірдерегімен қоса ендіріліп, қатарластарына үлгі ретінде насихатталып келеді. Сондай-ақ, Қызылорда Білім департаментінің 2017 жылы жарыққа шығарған «Сыр үміттері» энциклопедиясында Икрам Нұрсұлтан жаңақорғандықтардың мерейін үстем етті.
Ата-аналары Шайхов Абай жеке кәсіппен айналысса, анасы Баян Ахатаева аудандық ауруханада медбике болып істейді. Тұңғыштары Нұрмұхаммед пен екінші ұлы Жанболат екеуі де №169 орта мектебінің мақтанышы болды. Нұрмұхаммед бүгінде ұстаз. Ал, «Алтын белгі» иегері атанған Жанболат Асфендияров атындағы мединституттың ІІІ курс студенті. Ал Нұрсұлтан болса аудан орталығындағы №163 орта мектебінде оқиды. Сынып жетекшісі қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Бабажанова Ақжарқын апайы шәкіртінің имандылық талабы тұрғысында да жан-жақты парасатты екенін тілге тиек етеді.
– Жалпы, бүгінгі жас жеткіншектер бойында білім­дарлық басым. Олар алдымен өзіне, өз қайрат-жігеріне көбірек сенеді. Шындықты, әділдікті, қайырымдылықты сүйеді. Олар келешек ізгі қоғамның иелері, – деп ағынан жарылды ұстазы.
Елбасының есімін еншілеп қана қоймай, атасының асқар тау аманатына адалдық танытып келе жатқан Нұрсұлтанның келешектегі арманы – адам саулығы жолында күресу, денсаулық сақшысы болу екен.
– Мен дәрігерлік білім алып, науқастарды емдеймін. Тегін ота жасаймын, – дейді ол. Аппақ арманды періште пейілі алдамайды. Елдің ертеңгі үміт артарлары да – осылар.

Баян ҮСЕЙІНОВА.
06 шілде 2018 ж. 1 168 0